Главная
Новости
29.04.2020 Игі істер жалғасудаБүгінгі күні коронавирустың таралуымен байланысты карантин жағдайында еліміздің балалар үйлерінің көптеген түлектері жұмыссыз қалды. Мұндай балалар саны мың, олардың көпшілігі тіпті баратын жерлері жоқ, бірақ олар көмексіз қалған жоқ, бүгінгі күні қауымдастық барлық өңірлермен, оның ішінде ҚР Білім және ғылым министрлігімен де байланыс орнатып, жұмыс жасап жатыр.
Кәсіпкер, ҚР Балалар үйі түлектері қауымдастығының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, ҚР күрділерінің «Барбанг» Қауымдастығының вице-президенті, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының «6D050200-Саясаттану» мамандығының PhD докторанты Вакиль Набиев балалар үйінің бұрынғы 20 түлегіне азық-түлік себеті түрінде көмек көрсетті. Қауымдастық 100-ден астам адамды қамтып отыр, балалар үйінің барлық мұқтаж түлектеріне белсенді көмек көрсету жалғасуда.
«Бұл қиын-қыстау кезеңде ел үшін жеке жауапкершілікпен қатар әлеуметтік ынтымақтастық маңызды», - деді Вакиль Набиев.
Төтенше жағдай кезінде «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында Алматы облысы мен Алматыда көмек ретінде 500-ден астам азық-түлік жиынтығы жасақталып, әлеуметтік жағынан осал санаттағы мұқтаж адамдарға таратылды. Бұл-жалғыз басты қарт адамдар, аз қамтылған көп балалы отбасылар, ерекше қажеттіліктері бар адамдар. Еріктілердің құрылған мобильді топтары қайырымдылық көмектің таратылуын қамтамасыз етті. Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Барбанг» күрдтер қауымдастығының қолдауымен өтіп жатыр. Бұл науқан төтенше жағдай кезінде де жалғасады.
Коронавирустық жағдай пандемияға қарсы тұрудағы азаматтарымыздың бірлігі мен ынтымағын тағы бір көрсетті. «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясы - бұл әр адам игі істер жасай алатындығының жарқын мысалы.
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім |