Главная
Новости
03.03.2016 Жақсы іс жалғасын тапты Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде студенттердің әлеуметтік жағдайына ерекше көңіл бөлінуде. Университет ректоры, академик Серік Жайлауұлы Пірәлиев жетім және әлеуметтік жағынан аз қамтылған студенттермен кездесу өткізіп, оларды мазалап жүрген сұрақтарына жауап беріп, 83 аз қамтылған студентке қаржылай көмек көрсеткен еді. Осындай игі іс наурыз айының басында университет проректорларының бастамасымен тағы да жалғасын тапты. Бұл жолы университетіміздің бірінші проректоры, профессор М.Е.Ермағанбетов, оқу ісі жөніндегі проректор, профессор А.Т.Құлсариева, ректор аппаратының жетекшісі, профессор Б.Ө.Сманов, оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегіпроректор, профессор Ғ.К.Кенжебаев, ғылым ісі жөнідегі проректор, профессор В.Н.Косов, тәрбие ісі жөніндегі проректор, профессор Ж.Е.Ішпекбаев, экономика және өндірістік мәселелер жөніндегі проректор Ғ.К.Тұрабаев өз аттарынан аз қамтылған студент қыздарға көктем мерекесіне орай қаржылай сыйақы жасады. Университет басшылары аталған студенттердің әр қайсысына жеке-жеке тоқталып, олардың сұрақтарына жауап берді. Профессор М.Е.Ермағанбетов студенттердің биік жетістіктерге жетуі үшін университет басшылығы аянбай қолдау көрсететінін айтып, «сіздер үшін әрқашан есігіміз ашық» деп, студенттердің мерейін бір көтеріп тастады. Студенттер өздерінің алаңсыз оқып, білім алуына көмек қолын созып келе жатқан университет басшыларына ризашылығын білдіріп, рахметтерін айтты. Ынтымағы мен бірлігі жарасқан қазақ жоғары оқу орнының қара шаңырағында осындай игі іс-шаралар әлі де жалғаса бермек.
Абай атындағы ҚазҰПУ
|