қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
30.04.2020

«Тарихи жадының поэтикасы және бірегейлігі» халықаралық ғылыми вебинары

 

2020 жылы 28 сәуірде Тарих және құқық институтында «Тарихи жадының поэтикасы және бірегейлігі» та0ырыбында халықаралық ғылыми вебинар өтті.


Вебинардың мақсаты - ситуациялық және әртүрлі дискурстық логиканың семантикалық прагматикасына бағынатын диалектикалық құрылым ретінде Қазақстан қоғамының тарихи жадының ақпараттық матрицасын талдауға тырысу. Біз цифрлық орта, медиа және дискурсивті өрістер дәстүрлі әлеуметтік-мәдени контексттің ақпараттық матрицалық құрылымына симметриялы түрде енетін тарихи жадының нақты мысалдарын қолдана отырып, қазақстандық тарихнаманың контекстін анықтауға тырыстық.

 

Біздің зерттеулеріміздің нәтижесінде алынған деректерді кросс-мәдени салыстыру маңызды. Сондықтан, вебинар халықаралық болып табылады, оған келесі вебинарларда да шетелдік сарапшылар қатысатын болады.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихнамалық дискурсындағы тарихи жадының бірегейлігі мен поэтикасы» гранттық жобасы аясында бірқатар вебинарлар өткізілуде. Жоба жетекшісі - Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының БҒҚ, профессор Абылхожин Ж.Б.

 

   

 

   

 

      

 

 

Тарих және құқық институты