қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
03.03.2016

29.02.2016 жылы «Ғылыми-әдістемелік кешен: мектеп-колледж -ЖОО» іс-әрекеті аясында педагогика және психология кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының №132 гимназия мұғалімдерімен және №2 гуманитарлық-педагогикалық колледж оқытушыларымен кездесуі өткізілді.
Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Ұ.М.Әбдіғапбарова ҒӘК құрылымдық бөлімдерінің жетекшілерімен таныстырды:
- Педагогтар Кеңесінің төрайымы - п.ғ.д., профессор Хан Н.Н.;
- Психологтар Кеңесінің төрағасы - п.ғ.д., профессор Сангилбаев О.С.;
- Тәлімгерлер Кеңесінің төрайымы- п.ғ.д., профессор Тұрғынбаева Б.А.;
- Зерттеушілер Кеңесінің төрайымы - п.ғ.д., профессор Абсатова М.А.
№2 гуманитарлық-педагогикалық колледж директоры Б.Ч.Дуанабаева жоғарыдағы Кеңестің құрамына енетін оқытушыларды ұсынды. Оның ішінде - директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Чинюкина О.В.,оқу-педагогикалық практика бойынша орынбасары Нурбаева К.А., тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Шелаева И.С., психолог Никольская Т.С. және т.б.
№132 гимназияның директоры м.а. Зубкова Т.В. жоғарыдағы Кеңестің мүшелігіне енетін мұғалімдерді ұсынды: директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Протащик С.В., оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Компанцева И.А., тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Баженова В.В., шығармашылық-жоба іс-әрекеті бойынша орынбасары Шеина В.Н., психолог Дюсембаева Д.С. және т.б.
ҒӘК координаторы, п.ғ.к., доцент Абдуллаева Г.О. 2015 жылдың желтоқсанынан бастап мектеп-колледж-жоо ынтымақтастығының нәтижелері туралы мәлімдеді. Ынтымақтастық келісім-шартының жасалып, қол қойылуын, ҒӘК іс-әрекетінің ережесі мен талаптарының жасалуын, жұмыстың стратегиялық жоспарының құрылуын ерекше атап өтті. Жоспарға сәйкес төмендегі іс-шаралар өткізілді:
- №132 гимназияның педагогикалық ұжымы мен ата-аналар үшін «Қазіргі заманғы оқушылардың компьютерлік тәуелділігінің алдын алу» тақырыбында семинар ұйымдастырылды және өткізілді (п.ғ.к., доцент Абдуллаева Г.О., магистр Умирбекова А.Н.);
- «Дуальды-бағдарлық білім беру жағдайында мектеп-колледж-жоғары оқу орны іс-әрекеттерінің интеграциясы» ғалымдар мен мұғалімдердің 1-ші Республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясын өткізуге дайындық жүргізілуде;
- ҒӘК іс-әрекетінің барлық бағыттарынан ақпараттандыру мақсатында Абай атындағы ҚазҰПУ ресми сайтында бөлім құрылды;
- білімалушы жастар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша қала мектептері мен колледждерінің педагогтары мен психологтары үшін жалпықалалық семинар өткізуге дайындық жүзеге асырылуда.
Кездесуде мұғалімдер мен оқытушылардың кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттерінде кездесетін қиыншылықтар талқыланды, «мектеп-колледж-жоо» жүйесіндегі ары қарайғы ынтымақтастық бойынша ұсыныстар айтылып, Кеңес жұмысының басымды бағыттары анықталды