Главная /
СМИ о нас
11.05.2020 Жас педагог ғалымдарының бірінші халықаралық вебинары ұйымдастырылуда
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Қазақстан жас педагог ғалымдарының қауымдастығы биылғы мамыр айының жетісі күні мен жиырма бірі аралығында "Ғылым мен білімнің даму болашағы: жас педагог-ғалымдардың заманауи көзқарасы" тақырыбындағы жас педагог ғалымдардың бірінші халықаралық вебинары басталып, алғашқы баяндамалар оқылды.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі Құлсариева Ақтолқын Тұрлыханқызы вебинарды ашып берсе, одан кейін Қазақстан жас педагог ғалымдар Қауымдастығының төрайымы Мөлдір Рашидқызы Абдраимова қатысушыларға құттықтау лебізін білдірді. Әрі қарай бағдарлама бойынша «Заманауи технологиялар арқылы жоғары білімді мамандар даярлаудың мәселелері мен даму перспективалары» тақырыбында баяндаманы жасаған алғашқы спикер Дәуренбеков Қуаныш Қойшығұлұлы, техника ғылымдарының кандидаты, "Болашақ" университетінің ректоры.
Сонымен қатар, вебинардың екінші арнайы спикері болып «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша PhD докторы, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты, Л.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Геологиялық факультетінің тағылымгері Жакипбаев Бибол Ермұратұлының «Ге[мм]ология и синтез рубина. Плавление в пламени» қосымша ғылыми тақырыбындағы презентациясын тамашаладық. Вебинар соңында жас ғалымдар таңдап алынған тақырыптар туралы пікір алмасып, әр түрлі ойларын ортаға салу арқылы қашықтық жүздесуін мазмұнды ұйымдастыра білді. Бұл шара одан әрі жарасымды жалғасуда.
Барлық ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз, әсіресе осы ізгі іс-шараны бастаған Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы, Түркия мемлекеті Анкара университетінің «Психология және Кеңес беру» мамандығы бойынша Пост докторанты Эльмира Уайдуллақызына арнайы рахмет айтамыз.
Авторлары: Бибол Ермұратұлы Жакипбаев, 11.05.2020 ж. Ақпарат көзі: bilimdinews.kz
|