қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
11.05.2020

«Scopus базасындағы журналда ғылыми жұмысты қалай жариялауға болады?» вебинары


Тарих және құқық институты құқықтану кафедрасының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 6 мамырында ZOOM платформасында «Scopus базасындағы журналда ғылыми жұмысты қалай жариялауға болады?» ғылыми вебинар өткізілді. Вебинар мақсаты - жаңаша ойлауға қабілетті ғалымдарды біріктіру, ғылыми диалог алаңын құру.

 

Вебинарға ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариева, Тарих және құқық институтының директоры Болат Жұмағұлов, институттың профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар мен магистранттар және тақырыпқа қызығушылық танытқан 70-ке жуық ізденуші-ғалымдар қатысты.

 

Вебинар модераторлары кафедра меңгерушісі Ермек Бурибаев пен қауымдастырылған профессор Несібелі Қалқаева болды.

 

Вебинар спикері профессор Жанна Хамзина ғылыми жұмысты дайындау барысындағы өзекті мәселелермен бөлісті:

1. Жарияланым үшін қандай қолжазба қолайлы?

2. Мақала құрылымы;

3. Дұрыс тұжырымдарды пайдалану;

4. Сіз өзіңіздің ғылыми жұмысыңызды беруге дайынсыз ба? өте қызық, әрі өзекті мәселелерді ортаға салды. 

 

Жастардың ғылыми әлеуетін арттыру қазақстандық жоғары оқу орындарының басты мүддесінің бірі. Бұл тұрғыда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университететі де сапалы білім берумен қатар, іргелі ғылымды дамытуға да үлкен үлес қосып келе жатыр.


Вебинар барысында профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар мен магистранттар тақырыпқа қатысты өз сұрақтары мен ұсыныс-тілектерін ортаға салып, пікір-талас ұйымдастырды. Вебинар жұмысын Құқықтану кафедрасының меңгерушісі Ермек Бурибаев қорытындылады.


Спикер вебинар қатысушыларының өтініші бойынша, барлық ниет білдірушілерге ғылыми жұмысты дайындау кезінде пайдалануға вебинар материалдарын ұсынды. Сілтеме қоса беріледі.

 

   

 

   

 

   

 

Құқықтану кафедрасы