Главная
Новости
11.05.2020 «Өмір мәні және акменің психологиялық мәселелері» XXV халықаралық симпозиумі
2020 жылы 5 мамырда Мәскеу қаласы Ресей білім беру академиясының Психологиялық институтында «Өмір мәні және акменің психологиялық мәселелері» XXV халықаралық симпозиум Жастар секциясының дипломдар мер сертификаттарын онлайн-табыстау өткізілді. Бейне-баяндамалар жасаған шетелдік студенттер, оның ішінде Реимкулов Мухамматали (Сорбонна-Қазақстан институты, 2 курс) және Агаев Мердан (Филология және көптілді білім беру институты, 3 курс) 1-ші дәрежелі диплом алды.
Симпозиумда Алматы қ. № 60 гимназияда қаңтар-сәуір аралығында өткізілген «Өмірдің мәні мен тағдыр. Өз болашағын қалай құруға болады?» халықаралық ғылыми - білім беру жобасы қатысушыларының баяндамалары ұсынылды. Жобаға Қарағанды медициалық университетінің индиялық студенттері, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақ ұлттық аграрық университетінің ауғандық студенттері мен магистранттары, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының өзбек және әзірбайжан студенттері, ҚР жоғары оқу орындарының студенттері, Алматы қ. және Алматы обл., Қостанай обл. Рудный қ. және Шығыс Қазақстан обл. Аягөз қ. мектеп оқушылары қатысты.
Жоба қашықтан аяқталды. Ғылыми жетекші - халықаралық симпозиумның Қазақстан жастар секциясының басшысы, 2-ші курс докторанты С.Т.Исалиева (6D010300 - Педагогика және психология мамандығы).
|