Главная
Новости
11.05.2020 Соғыс жаңғырығы - өткеннің сабағы, бүгіннің тарихы!
2020 жылы 8 сәуірде Тарих және құқық институты Ұлы Жеңістің 75-жылдығына арналған «Соғыс жаңғырығы - өткеннің сабағы, бүгіннің тарихы» тақырыбында онлайн форматта мұражайда сақталған ҰОС-на қатысушы жауынгерлердің заттары негізінде көрме ұйымдастырды.
Көрмеге С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінің жетекшісі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын - Әділғазы Қайырбеков, Алматы мұражайының ғылыми қызметкері - Нұрсұлу Мұсаева, Д.А. Қонаев мұражайының экскурсоводы - Балерке Елтай және институттың профессор-оқытушылары мен білім алушылары қатысты.
Онлайн-көрме барысында Әділғазы Қайырбеков ҰОС-ның Жеңісіне Қазақстанның мәдени қызметкерлерінің қосқан үлесі жөнінде «Қаһармандық өнегесі: қалам мен қару» тақырыбында ақын-жазушылардың соғысқа байланысты өлеңдерінің, жазған туындыларының шығу тарихы туралы және осы жолда сіңірген еңбектері жайында талдап, мазмұнды баяндама жасады. Сонымен қатар, Алматы мұражайының ғылыми қызметкері Нұрсұлу Мұсаева мен Д.А.Қонаев мұражайының экскурсоводы Балерке Елтай алматылықтардың соғысқа қосқан үлесін дәріптеу жұмыстары жөнінде ақпарттар беріп, соғысқа қатысқан жауынгерлердің мұражайда сақталған заттарына экскурсиялық көрме көрсетті.
Вебинар соңында қатысушылар келген қонақтарға сұрақтар қойып, Ұлы Отан соғысының маңыздылығы мен мәселелері жөнінде өзара пікір таластырып, өз ойларымен бөлісті.
Тарих және құқық институты |