қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
11.05.2020

«Қандай кітап оқып жатырсыз?» эстафетасы жалғасуда

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментінің жоспарына сәйкес О.Досбосынов атындағы жас​ ақындар орталығы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ректоры Такир Балықбаев жолдаған эстафетаны жалғастырып, «Қандай кітап оқып жатырсыз?» тақырыбында студенттермен​ zoom желісі арқылы онлайн-кездесу өткізуде.

 

Апталық жиналыстарда студенттер оқылған кітаптардан алған әсерлерімен бөлісіп, оларды талқылайды.​ Сонымен қатар алда оқитын кітаптарға кеңес береді. Өткен аптадағы онлайн-кездесуде студенттер Абай шығармалары жайлы пікір алмасып, Мұхтар Мағауиннің «Қыпшақ аруы», Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешуі» жайлы ой өрбітті. Бірнеше студент көз жүгірткен шетел әдебиеттерінен алған әсерімен бөлісті. Карантинде уақыттарын босқа өткізбей студенттердің кітапқа қызығушылығын арттыру мақсатында басталған​ игі шара осылай жалғаса береді.​