қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
12.05.2020

«Жас ғалымның зерттеушлік мәдениеті» вебинары


2020 жылдың 10 мамырында Педагогика және психология институтының мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы «Жас ғалымның зерттеушлік мәдениеті» вебинарын ZOOM платформасында өткізді.


Вебинар мақсаты - жас ғалымдардың, магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу мәдениетін дамыту болды.


Іс-шараға ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариева, Ғылым департаментінің директоры Саябек Сахиев, ҒЗЖ, СҒЗЖ және жаңартпа бөлімінің бастығы Гүлзада Байымбетова, кафедра меңгерушісі Ұлбосын Қыяқбаева, Семей қаласындағы Шәкәрім мемлекеттік университетінің, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің, Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеттерінің және оқу орнымыздың магистранттары, докторанттары және жас ғалымдары мен оқытушылары қатысты.

 

Вебинар модераторлары Ұлбосын Қыяқбаева мен кафедраның қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Әсем Булшекбаевалар болды.

 

Вебинар барысында спикер әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Шаркуль Таубаева жас ғалымдардың зерттеу мәдениетін дамытудағы келелі мәселелерді ортаға салды. Педагогика философиясы мен әдіснамасының көшбасында тұрған ғалым ғылыми зерттеудің идеядан бастап модельге, нәтижеге айналғанға дейінгі үдерістің барлығына талдау жасады.

 

Қазіргі кезеңде жалпы қоғам талабына сәйкес, педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдердің ғылыми зерттеу жұмысын жаңа бағытта жүргізу қолға алынуда. Мұғалімнің зерттеу іскерлігін меңгеруі оның өз іс-әрекетіне жаңаша қарап, оқу-тәрбие үрдісіне оң өзгерістер әкелінуіне жол салып, мұғалімнің жаңа әдіс-тәсілдер мен жаңа технологияны меңгеруіне жол салады. Мұғалімнің ғылыми-зерттеу жұмысын мектептің оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру құралына айналады. Осы тұста Шаркуль Таубаева жас ғалымдардың сұрақтарына ұтымды жауап беріп, кеңестерін ұсынды. Сонымен қатар, академиялық сауаттылық мәселелері де жіті талқыланды. Сонымен қатар, спикер педагогтің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруға қатысты көптеген ғылыми зерттеулер жасаған ғалымдардың еңбектерін жүйелеп, жас ғалымдарға ұсынды.


Вебинар барысында жас ғалымдар спикер Шаркуль Таубаева педагогиканың әдіснамасы туралы сұрақтарын қойып, пікірлерін ортаға салып, пікір-талас ұйымдастырды.


Вебинар жұмысын мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі Ұлбосын Қыяқбаева қорытындылады.

 

   

 

   

 

   

 

Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы