қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
14.05.2020

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

 


 

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы Короновирусты пандемия деп жариялағаннан кейін елімізде одан сақтанудың алдын ала шаралары жасала бастады. Елімізде төтенше жағдай жарияланып, биылғы наурыз айының 16-ынан карантин шаралары енгізілді. Барлық мемлекеттік және жеке құрылымдарымен қатар жоғары оқу орындарыда да қашықтан оқыту жүйесі енгізіліп, онлайн оқуға көшті.

 

Екі жарым айға жуық уақыт созылған карантин шараларында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қашанда халыққа қолдау көрсетіп, бірге болды. Ол өзінің 27 сәуір 2020 жылы халқымызға жариялаған мәлімдемесінде «Басты міндет - азаматтарымыздың денсаулығын сақтап, өмірін қорғап қалу. ....қазіргідей күрделі кезде әрбір азамат біздің назарымызда болады. Мемлекет ешкімді қиындықта қалдырмайды- деп атап кеткен болатын. Бұл дегеніміз «Адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары жоғары құндылық болып табылады - деген ҚР Конституциямыздың 1-бабында бекітілген қағиданың нақты көрінісі.

 

Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын тану, сақтау және қорғау - мемлекеттің міндеті екенін және оның өз деңгейінде орындалып жатқанын еліміз де осы кезге дейін жасалып жатқан көмек беру шараларына қарап білуге болады. Елімізде карантинге байланысты уақытша жұмыстары тоқтап қалған кәсіпорын, ұйым жұмысшыларына, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен көпбалалы, мүгедек бала асырап отырған ата-аналарға ақшалай да, азық-түлікпен де жан-жақты көмектер көрсетілді. Шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау көрсетіліп, олардың несиелерін төлеу кейінге қалдырыла отырылып, тиімді несие беру үшін мемлекеттен қаржы төленді. Ауылшаруашылық да саласына қомақты қаржы бөлінді.

 

Короновируспен күресуде алдыңғы қатарда жүрген медицина қызметкерлеріне еңбектеріне қарай төлем мен өтемақы төленіп, еңбектері жоғары бағаланды. «Төтенше жағдай күнделікті өмірімізге елеулі өзгеріс енгізді. Жоспарланған жұмыстарды, түрлі іс-шараларды кейінге қалдыруға мəжбүр болдық. Осындай кезде, ең алдымен, не нəрсенің аса бағалы екенін түсіндік. Бұл - адамның өмірі, адами қарым-қатынастар, азаматтардың денсаулығы, қоғамның береке-бірлігі. Бір-бірімізге қолдау көрсетудің қаншалықты маңызды екенін де аңғардық. Қалған дүниенің бəрін біртіндеп ретке келтіруге болады» - деген Мемлекет басшысының "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбатын бізде қолдаймыз.

 

Оның дәлелі, Қазақстан жоғары оқу орындарының қара шаңырағы Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің профессорлық оқытушылар құрамы және оның ректоры Тахир Балықбаевтың басшылығымен өзімізге жүктелген міндеттерді адал атқара отырып, оқу жылын абыроймен аяқтағалы отырмыз. Біздің жоғары оқу орнының ұйымшыл ұстаздар ұжымы студенттерімізді қашықтан оқыту жүйесінің тәжірибелерімен бөлісе отырып, тек оқу процесінде ғана емес, жан-жақты республикалық, халықаралық деңгейлерде тәрбие, ғылым саласында ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен дөңгелек үстелдерімізді, студенттік олимпиадаларымызды үйде отырып, вебинар әдісімен өткізуді жетілдіріп, қаншама шараларды атқарып тастадық.

 

Осындай қиын қыстау кезінде Біз де Сізбен Біргеміз, Сізді қолдаймыз- деп айтқымыз келеді. Өйткені, жұмыла көтерген жүк қашанда жеңіл!

 

Авторы: Ермек Әбілтайұлы Бөрібаев,
Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры

14.05.2020 ж.

Ақпарат көзі: bilimdinews.kz