қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
15.05.2020

Шетелдік білім алушылар және кураторларға арналған вебинарлар

 

2020 жылдың 12-13 мамырында Халықаралық ынтымақтастық департаменті ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариеваның қатысуымен шетелдік білім алушылар мен кураторларға арналған вебинарлар ұйымдастырды.

 

Вебинарларға Сорбонна-Қазақстан институты, Математика, физика және информатика институты, Педагогика және психология институты, Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті (Foundation) және институт кураторлары қатысты.

 

Білім алушылар мен кураторларға каратинге байланысты көші-қон заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпарат берілді, талқылау барысында қатысушылар сұрақтар қойып, өзара әрекеттесудің осы формасын жалғастыруға тілектерін білдірді.