қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
15.05.2020

Ғылымның жаңа парадигмасындағы тоғыстырушы үрдістер


Елімізде төтенше жағдай орын алған уақыттан бастап оқу орнымыз қашықтан оқыту ұстанымын қолдап, онлайн жүйесінде әртүрлі іс-шаралар ұйымдастыра бастады. Осы ретте Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті  Филология және көптілді білім беру инcтитутының академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы және Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы  ғылыми-әдістемелік бағытты одан әрі  нығайтып, профессорлар құрамы  екіжақты  студенттер мен  магистранттарға дәріс оқуды дәстүрге айналдырып келеді.  

 

Республикалық  кезекті дәріс оқу үрдісін академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының  меңгерушісіқ Қалбике  Есенова  «Ғылымның жаңа парадигмасындағы тоғыстырушы үрдістер» тақырыбында жалғастырды. Қалбике Есенова лингомәдени концепт пен әлеуметтік-семантикалық концепт, тар мағыналы стереотип терминдерінің мәнін ашып, медиамәтіндердің интерпретациясы жөнінде тағылымды   дәріс өткізді.  

 

Онлайн іс-шараға Түркия Республикасы, Фырат универсиетінің профессоры Ержан Алкая дәрісті жоғары бағалап, өз пікірін білдірді. Филология ғылымдарының докторы Қаламқас Қалыбаева, ОҚМПУ филология факультетінің деканы Ақлима Байғұтова,  ОҚМПУ қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Мамыт Амангелді, осы іс-шараны ұйымдастырушы ОҚМПУ қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының PhD докторы Мыңбаева Ақбілек академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасындағы әріптестеріне және профессор Қалбике Есеноваға алғыс білдіре отырып, келешекте осы үрдісті одан әрі  жалғастыруды ұсынды.

 

   

 


Академик С.С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы