Рухани жаңғыру - ұлт болашағының жарқын бағыты
2020 жылдың 15 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих және құқық институтының әлем тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру - ұлт болашағының жарқын бағдары» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Мақсаты - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауында айтылған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру үшін ұлттық мүдделер мен құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ ағымдағы қызмет туралы пікір алмасу.
Конференция жұмысына қатысқан Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Үздіксіз білім орталығының жетекші ғылыми қызметкері Шолпан Шуиншина «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мектептің оқу пәнінің мазмұнында жүзеге асуы барысына жан-жақты тоқталып өтті.
Академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті «Тұлғатану» ғылыми зерттеу орталығының директоры Нұрсахан Бейсенбекова «Рухани жаңғыру» өлкетану ғылымының дамуына септігін тигізеді. Әр адам өзінің туған жерін зерттеп, оның тарихымен терең танысып, мол мағлұмат алуға мүмкіндігі бар. Бұл қадам туған жерге деген сүйіспеншілігін еселеп арттыруға әсер етпек екендігін айтты.
Ғылыми- тәжірибелік конференция жұмысына белсене атсалысқан Орталық Азия университетінің доценті Марван Хамитова, Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушысы Кулчария Михева, Алматы қаласы №148 мектеп- гимназиясының «Тарих», «Құқықтану» пәндері мұғалімі Жазира Джуматаева Рухани жаңғырудың білім мен тәрбие саласында алатын орнына және атқарылып жатқан елеулі іс -шараларға назар аударды.
Әлем тарихы кафедрасы