қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
28.05.2020

Республикалық «Бос орындар жәрмеңкесі» онлайн-вебинары

 

2020 жылдың 2 мамырында Жаратылыстану және география институты Мансапты дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Бос орындар жәрменкесі» тақырыбында республикалық онлайн-вебинар өтті.


«Бос орындар жәрмеңкесі» бойынша республикалық онлайн-вебинар 2 мамырда сағат 16.00-де, қазақ тілінде ZOOM платформа арқылы өткізілді.


Бұл кездесуде Жаратылыстану және география институты Мансапты дамыту орталығының модераторы, институт директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Демеова Л.Н., институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Манапов, институтың профессор-оқытушылары және институттың бакалавр, магистратура мамандықтар бойынша бітіруші түлектері қатысты.


Онлайн-вебинардың қонақтары - Түркістан облысынан білім бөлімінің бастығы Жұмабаев Баянғали және Кентау қалалық әдістемелік бөлімінің бастығы Омаров Жақсылық, Алматы облысы Райымбек ауданынан білім бөлімінің бастығы Үмбеталиев Саят пен Әдістемелік орталығының аға әдіскері Кожамолдаева Мейраш,Т.Жанұзақов атындағы мектептің директоры Стыбеков Муталип, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы №9 орта мектептің директоры Асамадинова Гүлжан өз аймақтарындағы бос жұмыс орындары туралы баяндамалар жасап, бейнероликтер көрсетті.


Жалпы, внбинар қонақтары Маңғыстау облысы, Алматы облысы, Түркістан облысы, әсіресе Кентау қаласындағы орыс сыныптарында химия, биология және география мұғалімдерінің жетіспейтіндігін атап өтті. Түлектер білім бөлімінің өкілдеріне сұрақтар қойып, оларға толық қанағаттанарлық жауаптарын алды.

 

   

 

   

 

Жаратылыстану және география институты