қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
16.03.2018

 

«5В020300 - Тарих» мамандығы бойынша Х Республикалық пәндік олимпиадасы


2018 жылдың 19-20 сәуір күндері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институты базасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бекіткен кестесіне сай «5В020300 - Тарих» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің Х Республикалық пәндік олимпиадасы мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының студенттері үшін өткізіледі.


І. Республикалық олимпиаданы өткізу тәртібі

Олимпиадаға 5В020300-Тарих мамандығы, күндізгі оқу бөлімінің 1-4 курс студенттері қатыса алады. Олимпиадаға жоғары оқу орындарындағы ішкі турлардан 1,2,3 орындар алған командалар қатысады. Команда құрамы 4 қатысушыдан тұрады. Команданы жетекшісі бастап келеді.


Пәндік олимпиаданың жұмыс тілі: қазақ, орыс.

 

Олимпиада 3 турдан тұрады

 

1 тур

Таныстыру және ғылыми жобаны қорғау. Тақырыбы: «Тарихы сырға толы-туған өлке» («Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша қабылданған «Туған өлке» бағдарламасы негізінде).

5 баллдық жүйемен бағаланады. Регламент-15 минут.

Бағалаудың критерилері:

-өзектілігі;

-идеясының ерекшелігі;

-тақырыпты ашу деңгейі.

 

2 тур

«Бүгінгі тарихшы студент-ертеңгі кәсіби маман». ГОСО ның міндетті пәндері бойынша тестілеу.

- Қазақстан тарихы

- Әлем тарихы

- Этнография

- Археология

- Түркі халықтарының тарихы

 

Тестің әр вариантында 30 сұрақтан (бес пәннен 6 сұрақтан). Әрбір тестік тапсырманың дұрыс жауабы 1 балл болып саналады.

 

3 тур

Абай атындағы ҚазҰПУ-алғашқы білім ордасы» (Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 90 жылдық торқалы тойына арналады).


Ұйымдастыру комитетінің мекен жайы:

050000 Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 25 үй.

Абай атындағы ҚазҰПУ, Тарих және құқық институты, кабинет 502.

Тел: 8(7272) 91-03-09; 91-63-54; тел./фак: 8(7272)91-03-09.

Электрондық почта: mereke_55@mail.runadira_kyrymzhanova@mail.ruguskoni_92@mail.ru 

 

Іс-сапар шығыны (жол ақысы, тұратын орны және тамағы) топты жіберіп отырған ЖОО есебінен төленеді.

 

Ереже

Олимпиаданың бағдарламасы

Х Республикалық пәндік олимпиадасына қатысуға өтінім