Главная /
СМИ о нас
29.05.2020 Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдеріне тән ортақ құндылық
Онлайн жиында кафедра оқытушылары, магистранттары және PhD докторанттары қатысқан онлайн іс-шара барысында екі көрші жатқан аймақты ортақ тарихи және әлеуметтік-мәдени кеңістікке бейімдеу және оларды жаңа саяси және әлеуметтік шынайылыққа топтастыру арқылы бірыңғай Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ трансаймақтық тарихи-мәдени кеңістігі моделінің үлгісі жасалды.
Семинардың қорытынды бөлімінде Каспийдің бергі және арғы жағалауында тұратын халықтар өркениетінің айырмашылықтарына қарамастан, оларда ортақ ауқымды құндылықтар жиынтығының бар екендігі айқындалды. Бұл өз кезегінде жаңа әлеуметтік-саяси шынайылықты және ортақ әлеуметтік ортаны қалыптастыра алатын үлгі бола алады.
29.05.2020 ж. Ақпарат көзі: egemen.kz |