қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
06.06.2020

Мемлекеттік рәміздер күніне арналған онлайн-семинар

 

2020 жылдың 4 маусымы күні Тәрбие департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер-ұлт тірегі» тақырыбындағы онлайн-семинары өтті.


Семинар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен басталып, «Жасыл ел» еңбек жасағы құрамындағы студенттеріміз бен «Абай» телестудиясы әзірлеген арнайы бейнеқұттықтауын жолдады.


Онлайн-семинар жұмысын Тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректор Жанатбек Ішпекбаев ашып, барлық қатысушыларды мемлекетіміздің мақтанышы, бірлігі мен біртұтастығының нышаны болып табылатын Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады. Проректор өз сөзінде 1992 жылдың 4 маусым күні - ел тарихындағы ерекше мәртебелі күн екендігін, Парламент отырысының шешіміне сәйкес қыран бейнелі көкшулан, басқаға ұқсамайтын шаңырақ бейнелі дара елтаңбамыз, әнұранымыздың әсем әуені мен әдемі мәтіні дүние есігін ашқаннан бастап олар тәуелсіз елімізді әлемдік аренаға танытатын, тұңғыш ресми белгілерге айналғандығын айтып, таңбалар тарихы мен маңызына ерекше тоқталып өтті.


Сөз кезегін алған Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Жомарт Симтиков «Тарихи сананы қалыптастырудағы рәміздердің саяси аспектісі» тақырыбында баяндама жасап, мемлекеттік рәміздердің саяси маңызы туралы айтып өтті.


Сонымен қатар «Құқықтану» кафедрасының профессоры Гүлжазира Мейірбекова мемлекеттік рәміздердің қолданысқа ену тарихымен таныстырды.


Семинар барысындағы пікір алмасуда Педагогика және психология институтының директоры Берікжан Әлмұхамбетов мемлекеттік рәміздердің қабылдану барысындағы тарихи оқиғаларға тоқталып, жастарды мемлекеттілігіміз мен елдігімізді танытатын ресми белгілерімізді құрметтеуге шақырды.


Жаратылыстану және география институты дирекорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов өз кезегінде жастар бойында патриоттық сезімдерін арттыру үшін күнделікті таңғы сабақтар әнұранымыздың шырқалуымен басталуын ұсынды.


Жастар атынан сөйлеген Филология және көптілді білім беру институтының 1 курс студенті Білдебаева Дана өз Отанына, тарихына, мемлекеттік рәміздерне деген мақтаныш сезімдерін жеткізді.


Шара соңында семинарға қатысқан жастар арасында мемлекеттік рәміздер тақырыбында викториналық сұрақтар қойылып, сауалдарға дұрыс жауап берген жеңімпаздар арнайы сыйлықтарға ие болды.

 

   

 

   

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар

саясаты жөніндегі департамент