Главная /
СМИ о нас
09.06.2020 Мұғалім болғысы келетіндерге психолог кеңесі
Мектеп түлектерінің алдында мамандықты сәтті таңдау міндеті тұр. Қазіргі уақытта сіздер табысы мол, қиялыңыздағы мамандықтың жетегінде кетіп, болашақта өкініп қалмас үшін тәжірибелі мамандардың кеңесін алған дұрыс. Психолог маманның да кеңесін тыңдап, өз сүлгіңізден өткізе алуға үйреніңіз. Әрине, өздеріңізге ұнайтын іспен айналысу Сізге өмірлік рахат сыйлайды. Мамандық таңдау кезінде үлкендердің ақылын тыңдай отырып, шешімді өзіңіз қабылдаңыз.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің тәжірибелі психолог маманы Бақыт Дастанқызы Жігітбекова дайындаған мынандай қарапайым психологиялық кеңестерімен бөлісіп, Сіздермен осы мамандықтың кейбір құпияларын ұсынамыз.
Мұғалім мамандығы адамның ішкі жан дүниесін жасартады. Балаларды жақсы көріп, өзін әрбір оқушының орнына өзін қоя алады. Оларға ақыл айтып, өмірге жол сілтейді. Оқушылармен бірге жұмыс жасай отырып, мәңгі бала образында болады. Мұғалім - ұлы адамды тәрбиелеуші. Мұғалімдер жақсы білімді және құрметті оқушылардың өмірін өзгерту және дамыту мүмкіндігіне ие. Олар тек білім берумен ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаның өзгеруіне де көмектесе алады.
Жақсы мұғалімдер үлкен сұранысқа ие. Өзінің кәсібилігі мен білімділігін нарықта сата алады. Түрлі кәсіби дағдыларын бизнеске айналдыру өз қолыңызда. Мұғалім көшбасшы - ол жетістікке жету үшін ерекше ұйымдастырушылық дағдыларға ие. Ол әртүрлі тұлғалардың көбін басқара алады. Мұғалім өз оқушыларының өміріне үлгі көрсетіп, еліктеу үшін маңызды тұлға. Мұғалім - сый құрметке ие. Мұғалім өз оқушыларына аса құрметпен қарайды. Оқушы қызығушылықтары мен пікірлерімен бөлісе отырып, өздерін ерекше сезінеді. Ұстаз өз оқушылары үшін жағымды орта . Оқушыға сыныптасын тыңдай алуға және басқалардың ой-пікірлерін құрметтеу мүмкіндігін сыйлайды. "Мұғалім мамандығы - барлық мамандықтың анасы". Мұғалім алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық. Ғалым да, спортшы да, әнші де, бизнесмен деғарышкер де бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Мұғалім - креативті ой иесі. Мұғалімдер көп жағдайда қысқа мерзімде түрлі міндеттерді шешуге тиіс. Бұл жерде қиын сұрақтарға жауап беру, жанжалдарды шешу, жаңа сабақ жоспарларын жасау, ойындарды сабақта қолдану және оқушылар мен әріптестердің арасындағы басқа да жеке мәселелерді шеше алу сияқты ерекше мүмкіндікке ие. Мұғалім - эмоционалды интеллектке ие болу деңгейі жоғары мамандық. Нақты өмірде бұл эмоциялық интеллектінің құндылығы жоғары. Өзін түсіну, өзін-өзі меңгеру, мақсатқа ұмтылу, айналасындағыларды сезіну және олармен нәтижелі өзара іс-қимыл жасауға көмектеседі. Бұл тек бизнесте ғана емес, сонымен қатар педагогикада да құнды дағды екені анық. Сіз қалай ашуланып немесе ренжігіңіз келсе де, сіздің эмоцияңызды бақылауға және оларға сізді жеңуге мүмкіндік бермеуіңіз керек.
Мұғалім болу ертеңгі сенімділік. Сынып бөлмесінің алдында тұрып, оқушылармен еркін сөйлесуге сенімді боласыз. Сіз сұрақтарға дұрыс жауап бере алатын және сыныпта бірдей сенімділік сіңіре алатын күшті кейіпкер бола аласыз. Жалпы болашақ жоспарыңыздың сенімділігін қалыптастыруға үйренесіз. Мұғалім болу командада жұмыс жасай алу. Мұғалім командада да, жалғыз да жұмыс істеуге қабілетті. Оқушылар оқу үдерісін жақсарту үшін команданың бір бөлігі болып сезінуі қажет. Жалпы оқыту схемасына қатысты мәселелерді шешу және жоспарлар жасау үшін сыныптастары немесе әріптестерімен, мұғалімдермен қарым-қатынас жасай алуға бейімделе аласыз. Жұмыспен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік жоғары. Мұғалім мамандығын бітірген түлек жұмыс іздеп сабылмай-ақ, бірден таңдап алған мекемесіне жол тартады, ал жұмыс беруші қажетті маманды табады.
Нақты мансап жасау мүмкіндігі бар. Егер сіз өз мансабыңызда дамуды қаласаңыз, онда мұғалім болу бұл өте айқын жол. Жоғарыға сатылап көтерілу мүмкіндігі бар. Департамент басшыларынан мектеп директорларына дейін және одан да жоғары мансапқа көтерілуге жол ашылады. Бұл керемет пайдалы мансап және ұзақ демалыс!
09.06.2020 ж. Ақпарат көзі: qazaq1913.com |