Главная /
СМИ о нас
09.06.2020 ҚазҰПУ IAAR - 2020 рейтингінде үздіктер қатарында
Таяуда «ҚР сұранысқа ие жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингі - 2020» бәйгесінің қорытындысы жарияланды. Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің зерттеу қорытындысы бойынша Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті үздік төрттікке енді. Аталмыш оқу орны педагогикалық жоғары оқу орындарының арасында бірінші орынға ие болды. Жоғары оқу орындарының институционалдық рейтингінде бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының бағыттары бойынша қорытынды көрсеткіштерімен де еліміздің жоғары оқу орындарының арасында бірінші орынды иеленді. Жоғары оқу орындарының ұлттық сұранысқа ие рейтингіне биыл 89 отандық оқу орны қатысты.
Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі жыл сайын өткізетін «ҚР жоғары оқу орындарына сұраныстың Ұлттық рейтингі - 2020» - еліміздің жоғары білім беру сапасын жоғарылатуға бағытталған білім беру қызметтері мен ғылыми зерттеулердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін саралау мен бағалаудың тиімді құралы.
Сараптамалық білім беру бағдарламаларының нәтижелерін сала бойынша бағалау рейтингіндегі жетістік білім беру бағдарламаларының санына емес, сапасына және әртүрлілігіне, университет профилінің сәйкестігіне байланысты екенін көрсетеді.
Сондай-ақ бүгін Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (БСҚТА) 2020 оқу жылындағы қазақстандық жоғары оқу орындары сайттарының рейтингін ұсынды. Рейтинг бойынша Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ресми сайты еліміздің 101 жоғары оқу орны арасында бесінші орынды иеленді. Ал педагогикалық жоғары оқу орындары санатында бірінші орынға ие болды.
Авторы: Гүлнар Жұмабайқызы 09.06.2020 ж. Ақпарат көзі: aikyn.kz
|