қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
12.06.2020

ҚазҰПУ: International Summer Club ашылды

 


Маусым айының сегізінен бастап International Summer Club ағылшын, француз, қытай, араб және түрік тілдерінде тегін сабақтар ын ұйымдастыруда. Клубтың тыңдаушылары - қазақстандық және шетелдік ЖОО студенттері. Қатысушылар бір-біріне, оқытушыларға үлкен қызығушылық танытты және оқу жылында оқуларын жалғастыруға ниет білдірді. Клуб Абай атындағы ҚазҰПУ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің Шетелдік студенттерді бейімдеу және қолдау орталығының бастамасымен (үйлестіруші - С.Исалиева) қолға алынған болатын, - деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

 

Бұл жұмыстар тілдік дағдыларды жетілдіру, студенттердің шет тілдерін үйренуге деген ынтасын арттыруға, жалпы көкжиегін кеңейтуге және шетелдік студенттерді университеттің білім беру ортасына интеграциялауға бағытталған. Оқытушылар - шетелдік студенттер мен оқытушылар Обим Кристиан (Нигерия), Агаев Мердан (Түрікменстан), Киангала Майи Коринне (Конго), Ян Ле (КХР), Осама Гариб (Египет), Осман Кабадаи (Түркия). Сонымер қатар, орыс тілінде сөйлеу дағдыларын дамытқысы келетін шетелдік студенттер үшін Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі және әдебиет кафедрасымен бірлесіп Russian Club жұмыс істейді. Клуб администраторы - Филология және көптілді білім беру институтының 3 курс шетелдік студенті Агаев Мердан.

 

12.06.2020 ж.

Ақпарат көзі: bilimdinews.kz