қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
12.06.2020

«Келешекте қашықтан оқытудың мәртебесі артады» - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев

 


 

Абай атындағы Қазақ ұлт­тық педагогикалық уни­вер­ситетінде қашықтан оқуға көшу жеңіл болды. Себебі біз­де көп жылдан бері Univer және Moodle ақпараттық жүйеле­рі жұмыс істейді және бі­­­лім беруді ұйымдастыру­­­ды қам­тамасыз етеді.

 

- Такир Оспанұлы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ке­зекті отырысында білім беру, ғы­лым және денсаулық сақтау мә­селесіне үлкен назар аударды. Бұл осы салалардағы түйткілді мә­селелердің шешімін табуға серпін бере ала ма?

 

- Ел Президентінің Ұлттық кеңес отырысын арнайы осы мә­селелерге арнағаны олардың өте өзекті екенін көрсетті. Қазіргі таңда адами капитал жай бір ұғым болып қалған жоқ, бұл эко­номика дамуының басты фак­торына айналды. Ал адами ка­питалдың негізінде жатқан білім беру, ғылым және денсаулық сақ­тау саласындағы көптен бері қор­даланып қалған мәселелер тал­қыланып, біраз шешімдер ай­тылды. Бұл біз үшін жаңа серпіліс беретін, болашаққа сеніммен қа­райтын кездесу болды.

 

Еліміздің білім саласына ке­летін болсақ, ол тәуелсіздік жыл­дары үздіксіз дамып келеді, көп­теген жетістіктерге жетті. Бұл саланың жұмысы нашар де­гендермен келіспеймін. Бірін­ші­ден, жастарымыздың бәрі толық­қан­ды орта білім алып жатыр. Со­сын олар еліміздің және әлем­нің жоғары оқу орындарына оқу­ға түсіп, үздік көрсеткіштер көр­­сетіп, білімдерін дәлелдеп жүр. Білім беру жүйесінің негізгі мақ­саты - сапалы білім беру.

 

Техникалық-кәсіптік білім беру жастарды еңбек нарығына дайындау мәселесін шешуде. Елбасының тапсырмасымен мек­теп бітірген балаларға бірінші мамандықты ақысыз беру соң­ғ­ы жылдары олардың еңбек нары­ғына белгілі бір мамандық алып, толыққанды еңбек етіп кетуіне мүм­кіндік беруде.

 

ЖОО-ға келер болсақ, біз­дің 10 университетіміз QS рей­тин­гі бойынша әлемнің үздік 1 000 университетінің қатарында. Президент сол университеттер 500 үздіктің қатарына кірсін деген тапсырма беріп отыр. Менің ойым­ша, біздің университеттер бұл мәселені де шеше алады. Бі­лім саласы туралы басқа да көп­теген мысалдар келтіруге болады.

 

Бұл саладағы ең үлкен мәсе­ленің бірі - педагогтердің ста­ту­сы. Өкінішке қарай, тәуел­сіздік алған жылдары біздің мұға­лімдеріміздің жалақысы мен әлеуметтік жағдайы, бас­қа мәселелер жағынан қоғам ал­дында орындары төмендеп қалды. Бі­лім беру жүйесін көтереміз де­сек, білім беру мекемелерін құру, сапалы білімге мүмкіндік беру, педагогтердің статусын кө­теру жағынан әлі де істейтін жұ­мыстарымыздың көп екені анық.

 

- Алдағы уақытта педагогика ма­мандығында оқитын студенттер шә­кіртақысының өсетіні, жылдан-жыл­ға мектеп мұғалімдерінің жа­лақысы өсіп келе жатқаны жас­тарды мехнаты көп, жалақысы аз салаға барғысы келмейтін жағ­­дайдан арылтып, білікті, өз кәсі­бін сүйетін мектеп мұғалімдері қа­тарының көбеюіне мұрындық бола ала ма?

 

- Әрине. Бүгінгі әңгім­еде ауыл­дық жерге көбірек мән бергім келіп отыр. Ауылдарда нақ­ты жұмыс істеп тұрған бір­не­ше ғана бағыт бар, ол - ауыл шаруашылығы, шағын бизнес пен кейбір мекемелер. Соның бірі - мектеп. Тоқырау жыл­дары мектепке келген көптеген мұғалімдердің арнайы дайындығы жоқ, біліктілігі төмен болды. Қалада да талантты мұғалім­дердің көбі мектептің жалақы және кәсіби өсу жағы­нан мүмкіндіктері төмен болған­дықтан басқа салаға кетіп жатты. Қазір біліктілікті арттыру туралы арнайы жүйелер жұмыс істеп жат­ыр. Егер жала­­қыны көтеретін болсақ, жастар­дың көбі өзі таңдаған кәсібімен түпкілікті айнал­ысып қалар еді. Бұдан мектептегі мұғалімдер тек жалақыға, қаржылық-әлеумет-тік жағдайына байланысты жүр деп ойламау керек. Олардың ара­сында өз ісіне берілген, өз кәсібін нақты сүйетін кісілер өте көп. Оларға біліктілігін арттыруға, жалақы және әлеуметтік жағы­нан ерекше жағдай жасасақ, бі­лік­ті мұғалімдердің қатары кө­бейеді. Қазір педагогика ма­ман­дығын бітірген көп­теген жас­тарымыз мектепке баруға ұмты­лып жатыр. Бұл ұстаз болуға қы­зығушылықтың артып келе жат­қанын білдіреді.

 

Ұстаздардың мәртебесі туралы айтылғанда қазіргі пандемия жағдайы мұғалімдердің еңбегін қалай бағалау керегін көрсетіп берді. Өйткені ата-аналар бала-ларға білім беруде мұғалімдердің еңбегі орасан екенін сезінді. Ал­дағы уақытта ұстаздар мен ата-ана­­лар бірін-бірі түсініп, бірігіп жұмыс істейді деген үмітім бар.

 

- Төтеннен келген пандемия жағдайында қашықтан оқыту жүйесіне көшуге мәжбүр болдық. Қалыпты оқыту жүйесінен бірден қашықтан оқу әдісіне көшу қанша-лықты қиынға соқты? Амалсыз көшкен бұл жүйе студенттердің са­палы білім алуына салқынын тигізіп үлгерді ме? Әлде, әлем электронды үкіметке қарай ойы­сып жатқан шақта қашықтан оқы­ту жүйесінің де оңтайлы тұс­тары бар ма?

 

- Абай атындағы Қазақ ұлт­тық педагогикалық уни­вер­ситетінде қашықтан оқуға көшу жеңіл болды. Себебі біз­де көп жылдан бері Univer және Moodle ақпараттық жүйеле­рі жұмыс істейді және бі­­­лім беруді ұйымдастыру­­­ды қам­тамасыз етеді. Со­ны­­мен бірге за­манауи ком­му­ни­кациялық Sкype, Zoom жүйелерін пайда­ланып, көптеген онлайн са­бақ­тар өткіздік. Дегенмен жа­сы егделеу, компьютерді те­рең меңгермеген ұстаздарымызға қиындықтар туғызды. Біз оларға арнайы сабақтар өткіздік. Уни­верситет студенттерінің 70 пайыз­дан астамы ауылдық жер­лер­де тұрады. Олар біздің жүйеге кіру кезінде қиындықтар туды, кей­бір ауылдарда интернет өте нашар болды. Студенттер от­ба­­­сылары компьютермен не ноу­т­­­­букпен толық қамтамасыз етіл­­меген. Дегенмен біздің жүйе­лерге гаджеттермен мо­биль­ді байланыс арқылы кіру үшін арнайы бағдарлама жаса­ғаны­мыздың арқасында бұл жерде де тығырықтан шығып кеттік. Бұл кездегі біздің ең негізгі мақсаты­мыз - студенттерді толық­қанды білім беру жүйесімен қамтамасыз ету және білімнің сапа­­­­сын төмендетіп алмау. Бірден қашық­тан оқу жүйесіне көшу білім сапасына кері әсер етпеді деу қиын. Өйткені аяқастынан болған жағдайда бетпе-бет білім беруді жалғастыру қиын болды. Ұстаз­дарымыз тіпті уақытпен са­на­спай күні-түні жұмыс істеді. Өйткені студенттердің сұрақтары кез келген уақытта пайда болып, тапсырма орын­­­дауда қиындық­тар туындап жатты. Деген­­мен біз сту­денттердің өздеріне қойылған талап­тардың бәрін орындауын қамтамасыз еттік.

 

Қашықтан оқытудың да өзін­дік оңтайлы тұстары бар. Сту­денттерді аудиторияда са­бақ­тармен отырғызбай, көптеген нәр­селерді қашықтан беруге, сөй­тіп жаңа идея ретінде айтылып жүрген blended learning - аралас оқытуды енгізуге мүмкіндік туып жатыр.

 

Қазіргі таңда «Пандемиядан кейін қалай болады? Студенттер аудиторияға қайта келе ме? Әлде, қашықтан оқу жүйесінде қала ма?» деген басты сұрақ болып тұр. Әрине, алдағы уақытта қа­шықтан оқытудың орны да, мәр­тебесі де артады. Дегенмен университеттер мен мектептер білім ордасы ретінде сақталып қа­лады. Өйткені студенттердің не­гізгі білімді алатын, азамат ретінде қалыптасатын, әлеу­мет­тік жағынан дамитын жері - осы оқу орындары. Университеттің мәдениеті, білім беру ортасының мәдени немесе психологиялық жағынан әсерін қашықтан оқы­ту бере алмайды. ТЖ кезінде сту­денттермен бірнеше рет онлайн кездесу өткіздім. Олар­дың ең басты сұрағы: «Ағай, универ­ситет­ке қашан қайтамыз?» болды. Олар ұстаздарымен тікелей жұ­мыс істегеннің қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінді.

 

Қашықтан оқытудың да өзін­дік оңтайлы тұстары бар. Сту­денттерді аудиторияда са­бақ­тармен отырғызбай, көптеген нәр­селерді қашықтан беруге, сөй­тіп жаңа идея ретінде айтылып жүрген blended learning - аралас оқытуды енгізуге мүмкіндік туып жатыр. Бұл жағдайда практикалық оқытуды көбейтуімізге болады. Мысалы, университетте IV курс студенттерін жыл бойы төрт күн мектептерге практикаға жіберіп, екі күн университетте теориялық білім алатын жүйе енгізгенбіз. Енді студенттер практика кезін­де университетке келмей-ақ, қа­шықтан тапсырмаларын орын­дайтын жүйеге көшпекпіз. Сонда студенттер университетке жыл басында, сосын ортасында бір аптадан келіп, сол уақытта тапсырмалар мен аралық ба­қылауларды орындайды және се­местрдің соңында сессия тап­сыруға келеді. Басқа уақытта тек практикада жүреді.

 

Алдағы уақытта білім беру­де дәстүрлі әдіске қосымша қа­шықтан оқытуды да пай­да­ланғымыз келеді. Бұл әдіс студенттердің өзіндік жұмыс­та­рының маңызын, жауап­кер­шілігін арттырды. Бұрын­ғы­дай топпен бірге жүріп тап­­сыр­­­маларын орындайтын жағ­­дай жоқ, әркім өзі үшін жауап береді. Студенттер өз бе­тінше білім алуға, өзін-өзі да­мы­туға бейімделді. Қашықтан оқы­тудың көп мүмкін­­діктері бар. Бұл әлемдік үздік тәжірибелерді алудың жақсы жолы екен. Қазір 6-7 елдің ғалымдары бі­рі­гіп, конференция өткізіп жатырмыз. Олар өз ой-пікірлері мен ғылыми жетістіктерін ор­таға салады. Бұрын мұндай конференцияларды өткізу үшін бір елде жиналып, бірі келіп, екіншісі жеке жағдайына бай­ланысты қатыса алмай қалып жататын. Қазір белгілі бір тақыр­ыпты белгілеп, бірер сағаттың ішінде әлемдік деңгейдегі кез­десулер өткізіп жатырмыз. Бей­неконференциялардың мүмкін­дігі зор екеніне көзіміз жетіп отыр, оны алдағы уақытта пай­дала­натын боламыз.

 

- Қазір тағы да сын сағатта тұр­мыз. Мектеп түлектері ҰБТ тап­сырып, қалаған маман­дықтарын игеруге бағын сынайды. Талапты, бірақ сынақтан сүрініп қалған жастарға қандай да бір жеңілдіктер бар ма? Бұдан бұрын «Алтын белгі» иегерлеріне жеңілдіктер қа­растыруға бастамашы болғаны­ңыздан хабардармыз. Биылғы талапкерлерді қандай жаңалық­­тар күтіп тұр?

 

- Иә, биылғы талапкер­лер ерекше жағдайда сынақ тапсырғалы отыр. ҰБТ сани­тар­лық тәртіпті қатаң сақтау жағ­дайында өтеді. Ал грантқа кон­курсқа және университетке түсуге өтініш беру онлайн түрде өтеді. Біз барлығын осылай ұйым­­дастырып, талапкерлерге то­лық жағдай жасауға дайынбыз.

 

Ал ақылы бөлімге түсетін жас­тарға арналған көптеген жеңіл­діктеріміз бар. Ең алдымен, үздік оқыған, ҰБТ-дан жоғары балл жинаған балаларға келесі жеңілдіктер қарастырылған. Мысалы, «Алтын белгімен» бітірген, бірақ грантқа ілінбей қалған балалар бізде бір жыл ақысыз оқиды. Әрі қарай өзінің білімін дәлелдеп, үздік оқып жатса, одан әрі ақысыз оқуды жалғастыра береді. Тек өткен жылдың өзінде осындай жеңілдіктердің арқасында 545 «Алтын белгі», «Үздік аттестат», «Үздік диплом» иегерлері оқуға түсті. Оның 400-ден астамы педагогикалық мамандық­тарды игеруде. Бұл балалар білім, маман сапасын көтереді. Мұндай жеңілдіктерді биыл да жалғастырамыз. Сонымен қатар ҰБТ-дан 110 балдан жо­­ғары жинаған балаларға да 50 пайызға дейін жеңілдік береміз. Әлеуметтік жағынан жеңілдіктер де қарас­тырылған. Өткен оқу жылында 1 600 балаға жеңілдік бердік. Университеттің әлеуметтік жағынан өзін­дік осындай саясаты бар.

 

- Осыдан біраз бұрын бас­тамашы топпен бірге Алматы қа­ласындағы ЖОО жатақ­ха­­­­­на­ла­ры­ның жайымен танысқанбыз. Сол кезде аядай бөлмеде бес-алты баладан тұратын, тіпті санитарлық нормаға сай келмейтін жата­­­қха­налар­­­ды да көзбен көрдік. ҰПУ өз студенттерін жатақханамен қан­шалықты қамтамасыз етіп отыр?

 

- Университеттің бес жа­тақ­ханасы бар. Оның үшеуі 60-жылдары салынған. Өкінішке қарай, жатақханада орын аз. Бүгінде студенттердің 30-40 пайы­зын ғана жатақханамен қам­тамасыз ете аламыз. Негізгі ере­жеміз бойынша 1-курсқа қа­былданған студенттердің бәрін міндетті түрде жатақханамен қамтамасыз етуіміз керек. Жа­тақ­ханаларда студенттерге барынша жағдай жасауға тырысып жатырмыз. Елбасы Н.Назарбаевтың бес әлеумет­­­тік бас­тамасының бірі - студенттерге жа­тақхана салу мәселесі біз үшін өте маңызды. Қазір бір жатақ­­­­хана құрылысын бастадық. Алдағы уақытта тағы да жатақхана салып, бұл мәселені шешетін боламыз.

 

- Жоғары оқу орындарын тә­мамдаған жас мамандар­дың өмір­де өз орнын тауып кетуі - үлкен мәселе. Сіз басқаратын оқу ор­нындағы «Мансап орталығы» осы мәселенің түйінін шешкен сыңайлы.

 

- Иә, «Мансап орта­­лығы­ның» жұмысы жақсы жүріп келеді. Өткен жылғы түлек­­­тер­­іміз­­­­дің 97 пайызы жұмысқа тұрды не­месе магистратураға түсті. Бұл - өте үлкен көрсеткіш. Республика бойынша бұл көрсеткіш 80 пайыздың шамасында. Бұл нә­­­тижеге жетуімізде «Мансап ор­талығының» рөлі үлкен. Орталық тек Алматы қаласы­­­ның мектептерімен ғана емес, Нұр-Сұлтан қаласының және барлық облыстардың мектептерімен жұмыс істейді. Биыл университетті 2 мыңдай бала бітірсе, қазірдің өзінде оларға 4 300-ден астам сұраныс түсті. Сұраныс болған соң түлектердің таңдауы көп. «Мансап орталығы» басқа педагогикалық мамандық дайындайтын универ­­ситеттер­дің жастарын да сол бағытқа жіберіп жатыр. Демек, бұл ор­талықтың ауқымы кеңейіп, ай­мақтық болып келеді. Осыдан екі жыл бұрын біздің университет, облыстардың білім беру бас­қармалары мен ЕDTEСH білім беру орталығымен бірлесіп «Білім беру» альянсын құр­ғанбыз. Альянс ауқымында кәсіби бағ­дар беру, мамандар дайын­­дау және оларды бағыттау істерімен айналысамыз. Қазір облыстық білім беру басқармалары бізге тікелей байланысқа шығады. «Мансап» деген мобильдік қо­сымша бар. Жоғары курс сту­денттері сол қосымша­­дан қай же­рде бос жұмыс орындары бар екенін біліп отырады. Бұл әдіс жас мамандардың ке­дер­гісіз жұмысқа ор­­­наласуына үл­кен мүмкіндік тудырып отыр.


- Әңгімеңізге рақмет!

 

Сұхбаттасқан
Гүлнар Жұмабайқызы

12.06.2020 ж.

Ақпарат көзі: aikyn.kz, PDF