қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
12.06.2020

Студенттік еңбек жасақтары өз жұмысын бастады

 

Жазғы маусымда студенттерді уақытша жұмыспен қамту және олардың демалыс уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында 2020 жылдың 8 маусымы күні Студенттік құрылыс жасағы және «Жасыл Ел» еңбек жасағы жұмысының ашылу салтанаты болып өтті.

 

Шараны университетіміздің ректоры Такир Балықбаев ашып, жасақ құрамындағы сарбаздардың жұмыстарына сәттілік тіледі.

 

Алматы қаласы жастар саясаты мемлекеттік қоры, «Жасыл ел» еңбек жасағының координаторы Әділ Нұрпеисов жастарға жалынды лебізін білдірді. Шараның арнайы қонағы эстрада жұлдызы, «Музарт» тобының әншісі Кенжебек Жанабілов қатысып, жастарға ән шашуын жолдады.

 

Жасақ қатарына сарбаздарды қабылдау мамыр айы бойы жүргізіліп, нәтижесінде әлеуметтік қолдауға зәру, оқуда озат және қоғамдық шараларға белсене қатысқан 40 студент Студенттік құрылыс жасағы қатарына, 60 студент «Жасыл ел» еңбек жасағы қатарына жұмысқа қабылданды. Жұмыс уақыты ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 31 шілде аралығында жүргізіледі. Жасақ қатарынына қабылданған жастар жаз бойы тегін жатақханамен және арнайы киімдермен қамтамасыз етіледі.

 

Жұмыс барысында студенттер оқу ғимараттары мен жатақханаларда жүргізілетін жөндеу жұмыстарына жұмылдырылады.


Жасақ қатарында еңбек ететін жастардың маусымдық жұмыстарының жемісті аяқтауларына тілектеспіз.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар

және жастар саясаты департаменті