қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
12.06.2020

QS: Абай университеті - әлемдегі ең үздік педагогикалық университеттердің бестігіне кірді

 

QS World University Rankings (QS) компаниясы 2020 оқу жылына жоғары оқу орындарының жыл сайынғы рейтингісінің нәтижелерін жариялады. Әлемдік рейтингтегі үздік университеттер тізіміне Абай университетімен қосқанда қазақстандық 10  жоғары оқу орны кірді. Рейтингке әлемнің 80 елінің 1002 жетекші университеттері ұсынылған.


Педагогикалық жоғары оқу орындары арасында QS әлемдік рейтингінде Абай атындағы ҚазҰПУ 601-650-ші орын алып, әлемдегі ең үздік педагогикалық университеттердің ТОП-5-іне кірді. Біздің алдымызда әлемнің төрт университеті бар: École Normale Supérieure de Lyon (161), Beijing Normal University (279), National Taiwan Normal University (331), East China Normal University (501-510). Қазақстан университеттері арасындағы рейтингте Абай университеті алтыншы орынды иеленді.

Рейтинг нәтижелерінде университеттердің негізгі сипаттамалары - жоғары оқу орнына түсушілердің белсенділік дәрежесі, оқу орнының құрылған жылы, мәртебесі (жеке немесе мемлекеттік), сондай-ақ ұсынылған факультеттер мен жүргізілген зерттеулердің алуан түрлілігі ескерілді.

 

 

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім