Главная /
СМИ о нас
21.06.2020 Алматыда пандемия кезінде ҰБТ тапсыру пункттерінің дайындығы қандай?
21 маусым күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің негізінде ҰБТ тапсырудың бірінші легі өтеді. 235 адам тест тапсыратыны аян, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқушылар мен тәрбиеленушілерлің өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында, сонымен бірге COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу үшін бекітілген алгоритмге сәйкес, ҰБТ өткізу кезінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталады.
Қалалық Білім басқармасы мен Алматы қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің COVID-19 коронавирус инфекциясының таралу қаупін азайтуға байланысты бірлесіп бекіткен жоспарына сәйкес, Абай атындағы ҚазҰПУ-де тест тапсырушыларға дезинфекциядан өту үшін 5 кезеңнен тұратын барлық жағдайлар жасалған: -Баррикадалық шектеу ленталары орнатылған және тест тапсырушылар арасында кем дегенде екі метр қашықтық сақтау үшін сынаққа қатысушылар саны екі есе аз болмақ, ол үшін 15 аудитория әзірленген; -Тепловизорлар; -Бактерицидті лампалар және әрбір аудиторияға ауа рециркуляторы; -Тест тапсырушылар үшін қарапайым маскалар; -Дезинфекциялау тунелі; -Жедел медицина көлігі; -Дензинфекциялық кілемшелер; Қолданылған маскаларды жою үшін жәшіктер; -Санитайзерлер; -Медпунктте маскалар мен салфеткалар қоры; -Мемлекеттік комисиия мүшелері үшін маскалар.
Сонымен бірге, барлық аудиторияларда бейнебақылау камералары орнатылған.
Тест өткізілетін күндері ТҚСҚБД қызметкерлері ҰБТ өткізу пункттерінің санитарлық- эпидемиологиялық жағдайын бақылайтын болады.
Еске сала кетейік, Алматыда барлығы 14 972 адам тест тапсырады деп жоспарлануда, соның ішінде 9 047 -сі(97%) биылғы жылдың түлектері болса, 5 925-і өткен жылдардың және колледждердің түлектері.
21.06.2020 ж. Ақпарат көзі: egemen.kz
|