Главная /
СМИ о нас
23.06.2020 Елімізде тұңғыш рет: Абай атындағы ҚазҰПУ-ға Eurosert сертификаты берілді
Осы құжаттарға айқындалған процедуралар, талаптар негізінде, қосымша келесідей құжаттар бекітілді: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стандарты; мүдделер қақтығысы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын сақтау туралы Декларациясы; сыйлықты алғаны туралы хабарламасы; университет қызметкерінің еңбек шартына Қосымша келісімі; университет қызметкерінің лауазымдық Нұсқаулығы; білім беру қызметтерін көрсету шартына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ескертпесі; сыртқы ұйымдармен және іскер әріптестермен өзара қарым-қатынастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ескертпесі редакцияланды және жаңадан енгізілді.
Әзірленген әдістемеге сәйкес университеттің бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. Тәуекелдер, маңыздылығы бойынша, цифрланған және талдауға алынған, олар бойынша сараптама берілген. Маңызды сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау тізіліміне, университеттің тәуекелдерін барынша азайту және сапалы басқару мәселелері бойынша, қажетті іс-шаралар жүргізіліп жауапты тұлғалар анықталды.
Аталған құжаттар негізінде университеттің профессор оқытушылар құрамы және барлық қызметкерлері «мүдделер қақтығысы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты сақтау туралы Декларацияға», «еңбек шартына Қосымша келісімге» және «Лауазымдық Нұсқаулықтарға» (жаңа редакцияда дайындалған) (ал барлық білім алушылар білім беру қызметін көрсету шартына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпеге) қол қойды. Осы қол қойылған құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің (қауіптерінің) алдын алу мақсатында барлық қызметкерлердің және жұмыс берушінің жауапкершілігі, міндеттері мен құқықтары айқындалған.
Өткізілген жұмыстың қорытындысы ретінде ү.ж. 12 және 15 маусымында «Евросерт» компаниясы (EVROCERT Certifikacijainadzor sistemamenadąmenta SCG) сертификациялық аудит жүргізіп, оның нәтижесі бойынша Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне, олар енгізген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі ХС ИСО 37001-2016 стандартының талаптарына сәйкес жұмыс жағдайында екендігі туралы белгіленген үлгідегі сертификат беру туралы шешім қабылданды. Мұндай оқиға Қазақстанда алғаш рет орын алды!
23.06.2020 ж. Ақпарат көзі: bilimdinews.kz |