Главная
Новости
05.07.2020 Құқықтану кафедрасы 2019-2020 оқу жылының үздік кафедрасы атанды
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қойылған маңызды міндеттерді жүзеге асыруда, университеттің қызметін индикативті жоспарлаудың және рейтингтік бағалаудың ақпараттық жүйесін енгізген болатын. Осы жүйе негізінде институттардың, кафедралардың, профессор-оқытушылар құрамының жыл сайынғы оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие және халықаралық байланыс жұмыстарының көрсеткіштері анықталып, қорытындыланады.
2019-2020 оқу жылындағы индикативті жоспарлаудың және рейтингтік бағалаудың ақпараттық жүйесінің қорытындысы бойынша Тарих және құқық институты рейтингтің ең жоғарғы көрсеткішін көрсетсе, құқықтану кафедрасы университеттегі 62 кафедраны басып озып, 1-ші орынды иеленді.
Профессор-оқытушылар құрамының арасында топ бастап тұрған құқықтану кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Бурибаев Ермек Әбілтаевич болса, екінші орында аталған кафедраның профессоры, заң ғылымдарының докторы Хамзина Жанна Амангельдиевна болды.
Аталған көрсеткіш кафедраның жыл бойы үлкен ұйымшылдықпен, жауапкершілікпен, қызығушылықпен жасалған жұмыстардың нәтижесі деп саналады.
|