қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
16.07.2020

Талапкерлер ректордан тұшымды жауап алды

 



Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев талапкерлермен онлайн-кездесу өткізді.


«2020-2021 оқу жылына талапкерлерден құжат қабылдау» тақырыбындағы онлайн-кездесу @abai_university Instagram парақшасында тікелей эфирде өтті.

 

Білім ордасының басшысы Такир Балықбаев оффлайн және онлайн режимінде өткізіліп жатқан қабылдау комиссиясының жұмысы туралы айтып өтті. Университет үшін талапкерлер мен қызметкерлердің қауіпсіздігі маңызды екенін түсіндіріп, талапкерлерге құжаттарды онлайн тапсыруды ұсынды.

 

Кездесу барысында қашықтан оқыту, университетке түсу үшін шекті балл, бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша құжаттарды тапсыру мерзімі мен шарттары, оқу жеңілдіктері, жатақханадан орын беру туралы сұрақтар қойылып, жауаптар берілді. Сонымен қатар студенттер бітіруші курста практиканың қалай өткізілетініне қызығушылық танытты.

 

Ректор қазіргі жағдайды ескере отырып, университет тарапынан студенттерге барлық жағдай жасалатындығын атап өтті. Оқушыларға және студенттерге сәттілік пен денсаулық тіледі.

 

Кездесу өте нәтижелі өтті. Кездесуге қатысушылар мен талапкерлер қосымша сұрақтарды жеке поштаға және ректор блогына, әлеуметтік желілердегі университеттің ресми парақшаларына жібере алады.

 

Тікелей эфирден кейін кездесуге қатысушылардың барлық мәселелері талданды. Толық жауаптар университет сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады.

 

16.07.2020 ж.

Ақпарат көзі: aikyn.kz