қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
27.08.2020

Онлайн-кездесу: ректор жаңа оқу жылының қалай өтетінін айтты

 

 

2020 жылдың 26 тамызында Абай университетінің ректоры Такир Балықбаевтың студенттермен онлайн-кездесуі өтті. Университет басшысы 2020-2021 оқу жылындағы оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша түсініктемелер берді.

 

Кездесу Facebook (https://www.facebook.com/AbaiUniversity), Youtube (https://www.youtube.com/channel/UCBUJDvtbCbblef5qhUQMMhw) және Instagram (https://www.instagram.com/abai_university/) ресми парақшаларында өтті.

 

Онлайн-кездесу барысында Такир Балықбаев оқыту форматы туралы, жаңа оқу жылына дайындық барысында өткізілген іс-шаралар мен қашықтан білім беруді жетілдіру шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

 

Кездесуге қатысушылар жеңілдіктер, гранттар, шәкіртақы қандай мамандықтар бойынша көтерілетіндігі, электрондық кітаптарды пайдалану мүмкіндігі, жатақханаларға орналастыру және университетке оқуға қабылдауға қатысты басқа да сұрақтар бойынша толық жауап алды.

 

Ректор студенттер институт директорларымен (https://kaznpu.kz/kz/3/page/) және құрылымдық бөлімшелер басшыларымен (https://kaznpu.kz/kz/1086/page/) тікелей хабарласа алатынын атап өтті. Сондай-ақ, университетте Call-орталығы (8 (727) 221-85-14) жұмыс жасайды.

 

Жиі қойылатын сұрақтар бойынша ақпарат ұсынамыз.

 

Сонымен, оқу үрдісіне қатысты, оқытудың форматтары мен платформалары, бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысу шарттары және Президенттік шәкіртақы туралы сұрақтар бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті қызметкерлерімен хабарласуға болады. Сондай-ақ, институт директораттарынан студенттермен жұмыс істеу үшін құрылған кестелер, топтар, төлемдер мен жеңілдіктер туралы білуге болады. Қолданыстағы жеңілдікті алу үшін білім алушы өтініш жазып, әлеуметтік жағдайын растайтын барлық құжаттарды жинауы керек. Институт басшылығы туралы деректерді келесі сілтемеден қарауға болады: https://kaznpu.kz/kz/3/page/.

 

Университеттің білім беру бағдарламалары, қабылдау ережелері және жеңілдіктер туралы мына сілтемелерден білуге болады: https://kaznpu.kz/kz/2150/page/, http://dis.kaznpu.kz/. Қабылдау туралы қосымша ақпарат алу үшін Кәсіптік бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмахан Әуесбекұлына хабарласуға болады (Байланыс деректері: 291-57-68, nurmahan_67@mail.ru).

 

Жатақханаға орналасу туралы ақпаратпен (https://kaznpu.kz/kz/2507/page/) және шетел азаматтары мен халықаралық бағдарламалар (https://kaznpu.kz/kz/5/page/)  туралы толық ақпараттармен көрсетілген сілтемелерден арқылы танысуға болады.

 

Ректор Такир Балықбаев әлеуметтік желілердегі өз парақшаларында университет қызметі мен университетте білім беруді жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы үнемі ақпаратпен бөлісіп отырады. Университет басшылығы бірқатар байланыс құралдарын қолдана отырып, кері байланыс орнатуда.