қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
01.09.2020

«Ұлы дала тарихы мен мәдениеті» халықаралық конференциясы


2020 жылдың 26-27 тамызында Алматыда «Қазақстан» қонақ үйінің «Алтын Емел» залында «Ұлы Дала тарихы мен мәдениеті» халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Айтылған тарих» ғылыми-зерттеу орталығының (ҒЗО) зерттеушілері қатысты.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде Ұлттық тарихтың тұтас көрінісін қалыптастыру, тарихи жадты сақтау, сабақтастық және бірегейлікті қалыптастыру мақсатында «Ұлы Дала тарихы мен мәдениетін» зерттеуге арналған пәнаралық тоғыстағы ғылыми бағдарлама іске асырылды.


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы «Айтылған тарих» ғылыми-зерттеу орталығы бағдарлама аясында төмендегідей тақырыптар бойынша орындаған жұмыстарының нәтижелерін ұсынды: 1) «Ұлттық және мемлекеттік бірегейліктің қалыптасуы және өзгеруі негізіндегі Қазақстанның ғылыми мектептері (XX ғ. - XXI ғ. басы)»; 2) Қазақстанның моноқалалары тұрғындарының айтқан әңгімелеріндегі әлеуметтік-мәдени бірегейлік: Ащысай - Кентау (1927 - XXI ғ. б.).


2020 жылдың 27 тамызында «Қазақстан тарихындағы бірегейлік және модернизация» секциясында бес баяндама ұсынылды:
- Абай атындағы ҚазҰПУ, «Айтылған тарих» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, академик, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелдиев - «... убрать 10, чтобы замолчали 100». К девяностолетию восстания 1929-1931 гг.;
- Шетелдік сарапшы, Ресей Ғылым академиясының (РФ, Мәскеу) Ресей тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дина Аманжолова - «...вы граждане громадной общесоветской территории, там все национальности сливаются» (Из истории формирования Советской федерации)»;
- Абай атындағы ҚазҰПУ, «Айтылған тарих» ҒЗО жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Забира Мырзатаева - «Қаратауды геологиялық зерттеу тарихынан. Советтік кезең.»;
- Абай атындағы ҚазҰПУ, «Айтылған тарих» ҒЗО жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Теңлік Далаева - «Кентау тұрғындарының естеліктеріндегі әлеуметтік-мәдени бірегейлік: коммуникативтік жадтан мәдени жадқа дейін»;
- Абай атындағы ҚазҰПУ «Айтылған тарих» ҒЗО жетекші ғылыми қызметкері, «1916 жылғы ұлт - азаттық көтерілістің тарихнамасы және бірегейлік мәселелері».


Конференцияда үш жылдық Қазақстан тарихы мен мәдениетінің: ЭТНОГЕНЕЗ ЖӘНЕ ЭТНИКАЛЫҚ ТАРИХ, ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ ТАРИХЫ, ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДАҒЫ БІРЕГЕЙЛІК ЖӘНЕ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ сияқты өзекті мәселелері бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытынды тұжырымдары жаңа теориялық-методологиялық құралдар негізімен берілді.

 

   

 

   

 


Абай атындағы ҚазҰПУ, Тарихы және құқық институты, «Айтылған тарих» ҒЗО