қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
03.09.2020

«Музыкалық білім беру» РОӘК ЖБТ вебинары

 

26.08.2020 ж. «Білім беру мен ғылым: жаңа оқу жылының ерекшеліктері» тақырыбындағы Республикалық тамыз жиналысы - 2020 аясында, «Музыка педагогтарын даярлау бойынша қашықтықтан оқу процессін ұйымдастыру» тақырыбында «6В014, 7М014, 8D014-Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау/ Музыка мұғалімдерін/педагогтарын дайындау» бағыты бойынша РОӘК жобаларды басқару тобының веб-отырысы өтті.

 

Вебинар модераторы музыкалық білім беру және хореография кафедрасының профессоры, музыка педагогтарын даярлау бағыты бойынша РОӘК ЖБТ жетекшісі Лора Нәрікбаева болды. Вебинардың мақсатты тобы: ҚР жоғары оқу орындары, кафедра меңгерушілері, «Музыкалық білім беру» білім беру бағдарламаларының оқытушылары.

 

Сөз алған спикерлер:

1. Нәрікбаева Лора, п.ғ.д., профессор, Абай ат. ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институты, музыкалық білім беру және хореография кафедрасы: «Музыкалық білім берудегі ақпараттық технологиялар».
2. Оспанғалиева Сәуле, Алматы қ., №12 Гимназиясында музыка мұғалімі. «Қашықтықтан білім беру жағдайындағы музыка оқытушыларының оқу жылының басталуына дайындығы».
3. Калиакбарова Ляйля, п.ғ.к., профессор, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясынң музыкалық білім беру және психология кафедрасының меңгерушісі: «Қашықтықтан оқыту жағдайында «Музыкалық білім беру» білім беру бағдарламасындағы семестрішілік бақылауды жүргізу мәселесі».
4. Колесникова Галина, п.ғ.к., дофент, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Музыкалық пәндері» кафедрасының меңгерушісі, Петропавл қаласы: «Музыка педагогтарын қашықтықтан даярлауды ұйымдастырудың өңірлік мәселелері».
5. Какимова Лаура, п.ғ.к., Абай ат. ҚазҰПУ музыкалық білім беру және хореография кафедрасының доценті: «Қашықтықтан оқытудағы ұялы бағдарламалардың ерекшеліктері».


Талқылауға ҚР 51 жоғары оқу орының өкілдері қатысты, оның ішінде: Павлодар мемлекеттік университеті НАО; Павлодар мемлекеттік институты; Х. Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті; Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті; Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты; Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (ҚМУ); У. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті; И. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті; М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (СҚМУ); Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті (ТарМПУ), Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Ұ. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті (ҚМПУ), Қазақ ұлттық өнер университеті (Нұр-Сұлтан қ.), «Bolashaq» Академиясы (Қарағанды қ.), Шәкәрім атындағы МУ (Семей қ.).

 

Вебинар қорытындысы бойынша «6В014, 7М014, 8D014 - Музыка мұғалімдерін/ музыка педагогтарын даярлау» бағыты бойынша қашықтықтан оқу процессін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар дайындалды және қабылданды.