Главная /
Объявления
17.04.2018 «Конституция және қоғамдық еркіндік: құқықтық моделді қалыптастыру (Қазақстан мен Франция тәжірибесі)» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
2018 жылдың 20 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Сорбонна-Қазақстан институтында «Конституция және қоғамдық еркіндік: құқықтық моделді қалыптастыру (Қазақстан мен Франция тәжірибесі)» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның мақсаты - қоғамдық еркіндікті қорғау саласындағы елдер арасындағы тәжірибемен, Қазақстан Республикасы Конституциясының және Франция Конституциясының негізгі ережелерін іске асыру тәжірибесімен бөлісу болып табылады. Сондай-ақ, конференцияның диалогтік алаңы болып табылатын, Қазақстан және Франция президенттері ашқан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Сорбонна-Қазақстан Институтында террористік қатерлерге қарсы күрес, азаматтығынан айыру және т.б. ауқымды мәселелер талқыланатын болады.
Өткізілетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қазыбек би,28. Сорбонна-Қазақстан институты, конференц-зал.
|