Главная /
СМИ о нас
21.09.2020 Ұлттық кеңесте волонтерлікті негізгі жұмыс тәжірибесіне қосуды ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері 18 қыркүйекте онлайн режимде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовпен әлеуметтік саясаттың өзекті мәселелерін талқылады.
ҰҚСК хатшысы Ерлан Карин атап өткендей, бұл кеңес мүшелерінің министрлермен бесінші кездесуі. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов және Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мирзағалиев Ұлттық сенім кеңесі мүшелерімен жүздескен.
Басқосуға қатысушылар министрге қазіргі таңдағы өзекті сауалдарды қойып, жан-жақты жауаптарын алды. Саясаттанушы, BTS Digital білім беру жобасының жетекшісі Саясат Нұрбек елімізде қызметкерлердің еркін уақытта және қашықтықтан жұмыс істеуіне арналған заңнамалық шектеулер бар әлі сақталып тұрғанын атап өтті.
Бұл - реттеу шараларын қажет ететін шаруа, өйткені карантинге қатысты жағдай және оның салдары ұзаққа созылатын сияқты, - деді Нұрбек.
Президент алғашында білім алуға жұмсау туралы айтты, бірақ біз оны жұмыс тобында талқылаған кезде көпшілік бүгінде Қазақстанда білім алуға қажетті құралдар жеткілікті деген тоқтамға келді. Олар одан гөрі ақысы қымбатқа түсетін емдеу шараларына бөлу жолдарын қарастыруды жөн көрді. Қазір заң жобасы Парламент қарауында жатыр. Біз Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінде білім алудың жеңіл жолдары бар деген шешімге келдік - егер біз қандай да бір азаматқа зейнетақы қаражатының белгілі бір мөлшерін алуға мүмкіндік берсек, егер ол оны білім алуға жұмсаса, онда тұрған ештеңе жоқ. Егер сіз ҰҚСК мүшесі ретінде қолдау көрсетсеңіз, депутаттар да осындай пікірде болса, мұны Парламентте шешуге болады, - деп жауап берді Нұрымбетов.
Отырыстың соңында кездесу барысында айтылған ұсыныстарды министрлік қабылдайтындығы айтылды. Өз кезегінде, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бірқатар мәселелерді пысықтауға ведомство жанындағы жұмыс тобына ҰҚСК мүшелерін де шақырды.
Сонымен қатар, 24 қыркүйек күні кеңес мүшелері Ауыл шаруашылығы министрімен кездесу өткізуді жоспарлап отырғаны белгілі болды.
21.09.2020 ж. Ақпарат көзі: baq.kz |