Главная
Новости
01.10.2020 «Латын графикасына негізделген қазақ жазуы» онлайн-дәріс өтті
2020 жылы 29 қыркүйекте Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы «Латын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ZOОM платформасында «Латын графикасына негізделген қазақ жазуы» онлайн-дәріс өтті. Іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясындағы 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.
Онлайн-дәріске әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқытушылары мен профессорлары, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Алматы облысы бойынша филиалының педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының мамандары, Алматы облысының №28 мектебінің және Талдықорған қаласының №19 орта мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, Алматы облысының тіл мамандары, сонымен қатар, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушылары, магистранттар мен докторанттары қатысты.
Онлайн-дәрісте ф.ғ.д. Жұбаева О.С. «Латынәліпбилі ұлттық жазуға көшу жағдайында шеттілдік атауларды жазу ұстанымдары», «Өрлеу» БАҰО» АҚ Алматы облысы бойынша филиалының педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы Орманбекова Л.Ж. «Латыннегізді қазақ әліпбиіне көшу: тәжірибе нәтижелері» тақырыптарында баяндамалар жасалды. Дәріске қатысушылар көтерілген мәселелер төңірегінде нәтижелі пікірлерін білдіріп, әр баяндамада айтылған ғылыми тұжырым мен жаңалықтар жайында ой бөлісті.
Дәріс барысында латынәліпбилі жазуға көшу үдерісіндегі филолог мамандардың рөлі, болашақ педагог мамандарды даярлау барысында латынәліпбилі ұлттық жазуға көшу міндеттерінің жүзеге асуы, латыннегізді қазақ әліпбиін ендірудің қазіргі жайы: мәселелері мен шешу мүмкіндіктері секілді мәселелер аясында пікірлер айтылды.
Онлайн-дәріс соңында латынәліпбилі жазу нормасына байланысты ұсыныстар қабылданып, шешім қабылданды.
Онлайн-дәріске қатысушыларға сертификаттар және алғыс хаттар табыс етілді.
|