Главная /
Объявления
26.04.2018 Құрметті студенттер мен магистранттар!
2018 жылғы 11 сәуірдегі ҚР БжҒМ №145 бұйрығына сәйкес Абай атындағы ҚазҰПУ-нің академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелге оқуға (Еуропа мемлекеттері) 10 орынға бюджеттік қаражат бөлінді.
Осыған орай, 2018-2019 оқу жылына студенттер мен магистранттарға академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға іріктеу жарияланады. Іріктеудің негізгі талаптары: - ағылшын тілін білу - сертификат В2 деңгейінде (IELTS сертификаты - 5.5 және одан жоғары, TOEFL - деңгейі 60-70); - транскрипт - GPА балы 3,5 жоғары болуы керек; - мемлекеттік грант негізінде білім алушыларға.
Іріктеу ағылшын тілінде 2 кезеңнен өтеді: 1-кезең: Грамматикалық-лексикалық тест; 2-кезең: Сұхбаттасу.
Іріктеуге қатысатын барлық үміткерлер жоғарыда көрсетілген құжаттарды 2018 жылдың 11 мамырына дейін академиялық ұтқырлық секторына өткізуі қажет (бас ғимарат, 403 кабинет, тел. 291-12-45).
Халықаралық ынтымақтастық басқармасы
|