қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
08.10.2020

«Латын графикасына негізделген әліпби жүйесін филолог мамандарға игертудің жаңа технологиялары» вебинары

 

2020 жылдың 6 қазанынды ZOОM онлайн платформасында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті жанындағы «Латын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясындағы 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Латын графикасына негізделген әліпби жүйесін филолог мамандарға игертудің жаңа технологиялары» республикалық оқу-әдістемелік вебинар аясында шеберлік сынып сабақтары өтті.


Вебинарға Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессорлары, Астана, Павлодар, Көкшетау, Қарағанды, Шымкент білім жетілдіру институтарының мамандары, Алматы облысы мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, колледж, лицей ұстаздары, магистранттар мен докторанттар қатысты. Шеберлік сынып баяндамаларын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология және көптілді білім беру инcтитуты С. Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессорлар ұжымы өткізді. Модератор «Латын» ғылыми-практикалық орталығының директоры, профессор Оразбаева Фаузия болды. Шеберлік сынып вебинарын ФжКТББ институтының директоры Таңжарықова Алуа ашты, кіріспе сөзді С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Ильясова Нағима айтты.


Вебинар барысында негізгі тақырып бойынша мынадай баяндамалар жасалды: Рахметова Райгүл «Ахмет Байтұрсынұлының танымдық технологиясының латынәліпбилі қазақ жазуын меңгертудегі тиімділігі», Рауандина Айтжамал «Латыннегізді қазақ әліпбиін жобалау технологиясы арқылы меңгерту», С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Сейталиева Қарлығаш «Латын әліпбиіндегі қазақ дыбыстарының таңбалануын цифрлы технологиялар арқылы меңгерту», С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының PhD докторы Иманқұлова Меруерт «Латынәліпбиін АКТ арқылы оқыту».


Вебинарға қатысушылар көтерілген мәселелер төңірегінде нәтижелі пікірлерін білдіріп, әр баяндамада айтылған ғылыми тұжырым мен жаңалықтар жайында ой бөлісті. Сонымен қатар, Алаш зиялыларының оқу-ағарту ісі туралы пікірлерінің құндылығы, жобалау технологиясының латыннегізді әліпбиді меңгертудегі тиімділігі, цифрлы технологиялардың латынәліпбиін оқытудағы маңызы секілді мәселелер аясында пікірлер айтылды.


Вебинар соңында латын графикасына негізделген әліпби жүйесін филолог мамандарға игертудің жаңа технологияларына байланысты ұсыныстар айтылып, шешім қабылданды.


Қатысушыларға сертификаттар және алғыс хаттар берілді.

 

   

 

   

 

   >