қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
12.10.2020

«Таза сессия және таза табиғат» акциясы

 

2020 жылдың 11 қазанында Тарих және құқық институты директораты, тәрбие жетекшілері және Студенттік өзін-өзі басқару ұйымы Алматы қаласына жақын аймақтарда тұратын 1 курс білім алушыларымен танысты. Оларға университет ережелерін түсіндіру мақсатында «Таза сессия және таза табиғат» акциясын ұйымдастырып, «Көлсай көлдері» Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркіне саяхат жасады.

 

Шара барысында, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Манапбаев «Академиялық адалдық» кодексін түсіндіріп, жоғарғы оқу орнындағы талаптарын сақтау жөнінде, сондай-ақ академиялық адалдықты бұзушылық жағдайындағы шаралар туралы толыққанды түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы Б.Өтеулиева студенттерге қашықтықтан оқу мәселесінің жағдайын айтып, алдағы күндегі аралық бақылау, жалпы сессия тапсыру ережелерін түсіндірді.

 

«Көлсай көлдері» Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркінің қызметкері Б.Тотыханов студенттерге техникалық қауіпсіздік мәселесі, табиғатқа деген сүйіспеншілік, табиғатты қорғау туралы дәріс оқып, тазалық акциясын жүргізу бағытын көрсетті.

 

«Таза сессия және таза табиғат» акциясында 1 курс білім алушылары өткізілген шараға алғыстарын айтып, алдағы уақытта осындай іс-шаралардың жиі ұйымдастыру туралы өз ұсыныстарын білдірді.

 

   

 

   


Тарих және құқық институты