қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
15.10.2020

Мүмкіндігі шектеулі оқушылармен атқарылатын жұмыс туралы вебинар

 

2020 жылдың 14-қазанында ZOOM-да Виртуалды зертхана «Жоғары білімнің қолжетімділігі: институционалдық факторларды зерттеу тәсілдері» тақырыбында кезекті вебинар өткізді. Вебинар модераторы ҚР жоғары оқу орындарына арналған инклюзивті білім беру бойынша ресурстық консультативтік орталықтың директоры З.А. Мовкебаева.


Вебинарда экономика жоғары мектебінің ресейлік зерттеушілері: саяси ғылымдар кандидаты, ғылыми зерттеу университетінің Білім беру институты директорының орынбасары Сергей Малиновский және Экономика Жоғары мектебі ғылыми зерттеу университеті Білім беру институтының «Университеттерді дамыту» жобалау-оқу зертханасының сарапшысы Екатерина Шибанова (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы) баяндама жасады.


Вебинар жұмысына дефектологиялық мамандықтың докторанттары белсенді қатысты.


Спикерлер баяндамаларынан соң өзекті мәселе қызу талқыланып, қатысушылар ЖОО-да мүгедектігі бар студенттермен жұмыс кезінде туындайтын сұрақтарды қойды.


Вебинар Абай атындағы ҚазҰПУ мен Экономика жоғары мектебінің «Жоғары білім беру жүйесіндегі мүгедектігі бар адамдардың бастапқы теңсіздігі» тақырыбындағы бірлескен жобасы аясында өткізілді (жетекшілері - педагогика ғылымдарының докторы З.А. Мовкебаева және саяси ғылымдар кандидаты Малиновский С.С.).