Главная /
Объявления
14.05.2018 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ БАЙҚАУ! Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті профессор-оқытушылар құрамы қызметкерлерінің бос жұмыс орындарына байқау жариялайды
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ - 5 1. Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы: аға оқытушы-1; 2. Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы: аға оқытушы - 1; 3. Арнайы білім беру кафедрасы: аға оқытушы - 1; 4. Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы: аға оқытушы - 1; 5. Педагогика және психология кафедрасы: аға оқытушы - 1.
ТАРИХ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ИНСТИТУТЫ - 9 1. Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы: қауымдастырылған профессор (доцент) - 1; аға оқытушы - 2; 2. Академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасы: профессор - 1 қауымдастырылған профессор(доцент) - 1; аға оқытушы - 2; 3. Тарих және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы: аға оқытушы - 2.
ӨНЕР, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ ИНСТИТУТЫ - 8
1. Шығармашылық мамандықтар кафедрасы: аға оқытушы - 2; 2. Бейнелеу өнері және сәндік қолөнер теориясы мен әдістемесі кафедрасы: аға оқытушы - 2; 3. Музыкалық білім және хореография кафедрасы: профессор - 1; аға оқытушы - 1; 4. Дене мәдениеті мен спорт педагогтарын даярлау теориясы мен әдістемесі кафедрасы: аға оқытушы - 2.
Байқауға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: Профессор лауазымына үміткерлердің жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесінің, «қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағының, ғылыми-педагогикалық қызметте 5 жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс. Қауымдастырылған профессор (доцент) лауазымына үміткерлердің жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесінің, ғылыми-педагогикалық қызметте 5 жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс. Аға оқытушы лауазымына: үміткерлердің жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде оқытушы лауазымында кемінде бір жыл болуы немесе мамандығы бойынша практикалық жұмыстағы өтілі кемінде 5 жыл және/немесе ғылыми дәрежесі болуы тиіс.
Байқауға қатысу үшін үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде төменде көрсетілген құжаттарды ұсынуы қажет: 1) университет ректорының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы; 3) еркін нысанда жазылған өмірбаян; 4) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы құжаттарының көшірмелері; 5) жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі; 6) ғылыми еңбектері мен өнертабыстарының тізімі; 7) біліктілікті арттыру сертификаттарының көшірмесі (болған жағдайда); 8) №086 медициналық анықтама, флюорожазба; 9) соттылығының бар не жоқ екендігі туралы анықтама; 10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 11304 тіркелген) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасынасәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы; 11) № 272 бұйрықпен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы. 12) басқа мекемеден келген тұлғалар үшін соңғы жұмыс орнынан мінездеме; 13) үміткерлердің - ашық сабақ материалдарының презентациясы (электронды түрде, 30 слайдтан артық емес).
Құжаттар келесі мекен-жайда қабылданады: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13
Персоналды басқару бөлімі (№103 бөлме): сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Анықтама телефондары: 8 (727) 291- 82-57, 291-18-29.
|