қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
16.10.2020

Erasmus+ халықаралық кредиттік мобильділік және Эразмус Мундус бірлескен магистірлік деңгейлер

 

2020 жылдың 15 қазанында Erasmus+ бағдарламасының Халықаралық күндері аясында Erasmus+ бағдарламасына қатысу, халықаралық академиялық ұтқырлық және бірлескен магистрлік стипендия бағдарламалары бойынша онлайн-вебинары өтті. Вебинарды ұйымдастырушы - Абай атындағы ҚазҰПУ-дің Халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық бөлімінің бастығы, іс-шараның жетекшісі және спикері- бөлім меңгерушісі Сапаргалиева Баян Оралханқызы, вебинардың екінші спикері Нархоз Университетінің Халықаралық бағдарламаларды әзірлеу және дамыту бөлімінің бастығы Аманкулова Балжан Нурболатқызы болды. Вебинарда білім беру ұтқырлығына қатысу және Erasmus+ бағдарламасының бірлескен Erasmus Mundus магистр дәрежесін алу мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі баяндалды.

 

Вебинарға 40-қа жуық қызығушылық танытқан тыңдаушылар, Қазақстанның жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты, оның ішінде: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Тараз мемлекеттік университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Астана университеті, Орталық Азия университеті, Азаматтық авиация академиясы, Қапшағай қаласындағы «Балдәурен» - Республикалық білім беру-сауықтыру орталығы, Абай атындағы ҚазҰПУ.

 

Онлайн-отырыстың қорытындысын шығара отырып, Erasmus + бағдарламасына қатысқан тыңдаушылардың жоғары белсенділігі мен қызығушылығын атап өтуге болады.

 

Кейінгі вебинарлар туралы ақпаратты Абай атындағы ҚазҰПУ сайтындағы хабарландырулардан табуға болады.

 

Байланыс үшін ақпараттар: e-mail: bayan_sapargaliyeva@mail.rubonya_sh@mail.ru 

 

 

   

 

Халықаралық ынтымақтастық департаменті