қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
21.10.2020

 «Рухани құндылықтар халықтар мәдениетінің негізі ретінде» онлайн-конференциясы

 

2020 жылдың 20 қазанында Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің Филология және Көптілді білім беру институты,Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының ұйымдастыруымен «Рухани құндылықтар халықтар мәдениетінің негізі ретінде» тақырыбында халықаралық (онлайн) конференция ұйымдастырылды.

 

Конференцияны Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің ректоры, профессор,доктор Такир Оспанұлы Балықбаев құттықтау сөзімен ашты. Онлайн форматта ұйымдастырылған конференцияға Филология және көптілді білім беру институтының директоры профессор Алуа Таңжарыкова, Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының құрметті меңгерушісі профессор, доктор Князь Ибрагимұлы Мирзоев, Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі профессор Кульсун Абдрахманова және Түркия Республикасы Білім министрлігі тарапынан келген Кыршехир, Ахи Евран университетінің PhD, аға оқытушысы Осман Кабадайы университеттің мәжіліс залында қатысты.

 

Конференцияға спикер ретінде Алматыдағы Түркия Республикасының, Өзбекстанның және Тәжікстанның бас консулдары қатысты. Конференцияның ашылу сөзін сөйлеген Түркияның Алматыдағы Бас консулы Әли Риза Акынжы мырза халық мәдениетінің негізін материалдық құндылықтармен бірге рухани құндылықтар құрайтынын айтып, түркі әлемінің ортақ мәдени құндылықтары туралы сөз қозғады. Атап айтқанда, ол 2020 жыл қазақ ақыны Абай Құнанбайұлы және Қазақстан географиясында дүниеге келген белгілі ойшыл Әл-Фарабиге арналғанын және де Ұлы дала өркениетінде маңызды тұлғалар өскенін атап өтті.

 

Келесі спикер Өзбекстанның Алматыдағы Бас консулы Аброр Фатхуллаев болды. Фатхуллаев өз сөзінде Қазақстан мен Өзбекстан арасында нық қарым-қатынас орнағанын тілге тиек ете отырып, Түркі халықтарының рухани құндылықтарының бірнеше мысалдарын келтірді. Конференцияның үшінші спикері, Тәжікстан Республикасының Алматыдағы Бас консулы Бохадур Назир Орта Азия қоғамдарының мәдени құндылықтарына тоқталды.

 

Конференцияның ашылу бөлімінен кейін, секциялық мәжілісі ф.ғ.д.,профессор К.И.Мирзоевтің модераторлығымен жүргізілді. Секциялық мәжілістің алғашқы спикері Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының халықаралық қатынастар және әлем әдебиеті кафедрасының доценті, доктор Светлана Ананева Қазіргі прозадағы Еуразиялық тақырыпты талқылайтын баяндамасын жасады. Секциялық мәжілістің екінші спикері-Әзербайжан Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің филология факультетінің деканы, профессор доктор Махира Гусейнова Әзербайжан және қазақ түрік тілдеріндегі сұрақ-жауап ұсыныстарының функциялары туралы өз баяндамасын ұсынды. Осы секциялық мәжілістегі тағы бір спикер - Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің, Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының профессоры, доктор Айгүл Жұмабекова мәдениетаралық қарым-қатынас осінде рухани құндылықтарды зерттеу тақырыбында сөз сөйледі.

 

Секцияның соңғы спикері-Доктор Осман Кабадайы өзінің қазіргі «Қыпшақ-Түрік тіліндегі ат әбзелдері терминологиясы» атты баяндамасын жасады. Осы секциялық мәжілістің қорытынды сөзін Абай университетінің шығыс тілдері және аудармашылар кафедрасының меңгерушісі, профессор Кульсун Абдрахманова жасады және қатысушыларға өз алғысын білдірді.

 

   

 

Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы