қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
27.10.2020

«Top Manager University» шағын - МВА курсы басталды

 

2020 жылдың 09 қазанында университетімізде «Top Manager University» шағын-МВА курсы басталды. Бұл университет басшыларына арналған практикаға бағытталған қарқынды кәсіби дайындық курсы. Бұл бағдарламаның миссиясы: білім беру саласындағы басқарушылық білім мен дағдыларды игеру мақсатында топ-менеджерлерді қайта даярлау. Курс жетекшісі - Байсеркеев Озат Нурдәулетұлы: кәсіби менеджер, менеджмент бойынша зерттеуші және бизнес-кеңесші болып табылады.

 

Шағын-МВА бағдарламасы 3 блоктан тұрады, олардың әрқайсысы негізгі басқару құзыреттеріне арналған: көшбасшылық, менеджмент, маркетинг, қаржы, персонал және жобалар.


Барлық курс 7 айға есептелген, оқыту барысы арнайы модульдік форматта өтеді: айына бір рет 3 күн ішінде менеджменттің белгілі бір саласы тәжірибелі мұғаліммен оқытылады, содан кейін модульдің ең қызықты идеяларын игеру және жүзеге асыру үшін бір ай беріледі.


Бағдарлама қатысушылары өз қарамағындағы қызметкерлерден қажетті нәтижелерді алуды, табысты маркетингтік стратегияны құру үшін не қажет екенін және компания қаржысын сауатты басқаруды үйренеді. Сонымен қатар, менеджерлерге тәжірибеде пайдалы, практикада іске асатын ақпараттар мен білім шоғырланған түрде беріледі. Шағын-МВА бағдарламасының кеңесшілері МВА шеңберінде зерттелген барлық материалдардың ішінен іс жүзінде жұмыс істейтіндерін ғана таңдап алып, білім алушыларға ұсынуда.


Шағын-МВА курсының айрықша ерекшелігі - бұл тек практикалық бағыт емес, сонымен қатар, мықты практиктердің бірыңғай командасының бағдарлама курстарын жүргізуінде. Олар тек Алматыда ғана емес, Қазақстанның басқа аймақтарында жұмыс істейтін өз ісінің шеберлері.


Бағдарлама аяқталғаннан кейін қатысушыларға кәсіби қайта даярлау туралы сертификат беріледі.