![]()
02.11.2020 Абай атындағы ҚазҰПУ студенті еліміздің үздік болашақ аудармашыларының үштігіне кірді
Абай атындағы Қазақ ұлттық ұедагогикалық университеті Филология және көп тілді білім беру институтының шығыс филологиясы және аударма кафедрасындағы «6В02302- аударма ісі» мамандығының 1 курс студенті Цой Данил - Республикалық пәндік олимпиадаға қатысып, 3 - дәрежелі дипломмен марапатталды. Олимпиада нәтижесі бойынша студентіміз үздік үштікке еніп, еліміздің отыз университетінің студенттері арасындағы жас сарапшылар байқауының жеңімпазы атанды. Іс-шара 2020 жылдың 30 қазанында Еуразия ұлттық университетінде «Аударма ісі» мамандығы бойынша білім алушылар үшін өткізілді.
Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы |