Абай университеті ректорының оқытушылармен кездесуі
2020 жылдың 4 қарашасында Zoom платформасы арқылы ректор Такир Балықбаевтың университет профессор-оқытушылар құрамымен онлайн-кездесуі өтті. Кездесу Facebook-тегі ресми парақшада көрсетілді: https://www.facebook.com/AbaiUniversity/.
Іс-шараға университеттің проректорлары, құрылымдық бөлім басшылары, профессор-оқытушылар құрамы және жас ғалымдар қатысты.
Кездесу барысында ректор Такир Балықбаев университеттің академиялық, басқарушылық және стратегиялық бағыттарында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Қашықтан білім беруді қамтамасыз ету бойынша «Univer» жүйесі, Microsoft Teams, Google Meet, ZOOM стримингтік жүйесі бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ, университеттің профессор-оқытушылар құрамы үшін біліктілікті арттыру курстары өткізілді. Жаңа оқытушылар қабылданғандықтан, цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша оқыту жалғасады. Оқытушылар компьютерлермен, ноутбуктармен және байланыс ресурстарына қол жетімділікпен қамтамасыз етілді.
Профессор-оқытушылар құрамының еңбек жағдайлары туралы. 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жалақы 25% - ға өсті. Жаңа оқытушыларды қабылдауға және сағаттарды бөлуге байланысты мәселелер шешіліп, көтерілген жалақы төленетіндігі атап өтілді. Оқытушылар құрамын жасарту бойынша да жұмыстар жүргізілді.
Сессиялар бойынша ұйымдастыру мәселесі толық пысықталуда. Прокторингтік емтихандар тиімді жұмыс істейді. Жазбаша емтихандарды тапсыру үшін «Oqulyq» қашықтан оқыту жүйесі сатып алынады.
Университеттің КеАҚ-ға көшуіне және жаңа Даму стратегиясы-2025 әзірленуіне байланысты. Бұл бағытта құрылымдық бөлім қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Басқару бағытында екі институттағы құрылымдар көлденең-циклдік ұйымдастыруға өтеді. Бұл педагогика және психология, жаратылыстану және география институттары. Басқару бағыты мен қаржыны басқару тұрғысынан белгілі бір дербестік болады.
Кездесу барысында университеттің инфрақұрылымы, жаңа жатақхана салу және жас ғалымдар мен докторанттарға орын бөлу, докторанттардың шетелдік басшыларына ақы төлеу, авторлардың кітаптарын шығару, ғылыми гранттар мен конкурстар, зертханалар мен аудиторияларды қажетті жабдықтармен және жаңа технологиялармен техникалық қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Ректор праймеризге қатысқандығы туралы, сайлауалды бағдарламасының аясында білім беру ұйымдары педагогтарының мәселелері шешілетіндігін, сонымен қатар университет қоры есебінен оқулықтармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айтып өтті.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тапсырмалар берілді. Онлайн-кездесу жоғары деңгейде және нәтижелі өтті.
Айта кету керек, Абай университетінің ректоры Такир Балықбаев коммуникациялық технологиялар мен ресурстарды қолдана отырып, білім алушылармен және оқытушылармен тұрақты түрде онлайн-кездесулер өткізіп тұрады. Университет ұжымын ақпараттандыру мақсатында оқу орнының қызметі мен жетістіктері туралы әлеуметтік желілердегі өзінің парақшасында жиі бөліседі. Барлық мәселелер ашық түрде талқыланады.
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім