қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
09.11.2020

«Мәңгілік Ел» патриоттық идеясы негізінде оқушы жастардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру

 

Университетіміздің 2020-2021 оқу жылына арналған кешенді жоспарына сәйкес «Мәңгілік Ел - патриоттық идеясы негізінде оқушы жастардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру» республикалық онлайн-дөңгелек үстел өтті.

 

Дөңгелек үстел жұмысын университет ректоры Такир Балықбаев ашты. Ректор өз сөзінде «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негізгі мақсатын айқындап, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының біздің көне түркілік дүниетанымымызды, болмысымызды, көшпенділер өркениетінің негіздерін заманға лайық қайта жаңғыртудың, еліміздің алдыңғы қатарлы қуатты мемлекет ретінде қайта өркендеуінің кепілі болмақ. Тәуелсіздіктің келуімен еліміз тарихи тұрғыда осы идеяны жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болды. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы қазақ елінің жарқын болашағын білдіре отырып, Қазақстанның дамыған елдермен қатарласуына мүмкіндік беретіндігін білдіреді. Бұл - ұлттық бірлік пен бейбітшілік, экономиканың нығаюы, халықты әлеуметтік қорғау, ұлттық қауіпсіздік, мәдениет, тіл мәселелері негізге алынатын Қазақстан жолының жаңа кезеңі. Ел дамуының бүгінгі жағдайында «Мәңгілік Ел» ұлттық идясы - болашаққа сенімді қадам. Ол барша қазақстандықтардың ынта-жігерін қоғам алдында тұрған маңызды міндеттерді шешуге жұмылдыруы тиіс» - деп атап өтті.

 

Онлайн-дөңгелек үстел жұмысына М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов, ҚазҰАУ «Рухани жаңғыру» Орталығының директоры Хангелді Абжанов, Абай атындағы ҚазҰПУ «Педагогикалық білімді дамыту» орталығының директоры Алма Әбілқасымова, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Кабулдинов, А. Байтурсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанова, Алматы қаласы Қазақстан Халқы Ассамблеясының ғылыми-сарапатамылық топ төрағасы, Философия, саясаттану және дінтану институтының бөлім меңгерушісі Мұхтарбек Шайкемелов, Республикалық «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Елнұр Бейсенбаев, Алматы қаласы бойынша «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесінің өкілі Гаухар Байташова қатысып, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы тақырыбы аясында мазмұнды баяндамаларын жасады.

 

Шара барысында «Мәңгілік ел» идеясының қазақ халқының тарихындағы алатын орны және оның маңыздылығы талданып, қазіргі заманғы ұлттық бірегейліктің қалыптасуына назар аударылды. Ұлттық идея негізінде жастардың бойында адамгершілік, патриоттық, отаншылдық қасиеттерін арттыру жолдары жан-жақты талқыланды.

 

Онлайн шараға қоғам қайраткерлері, ғалымдар, ғылыми-зерттеу институттар өкілдері, сонымен қатар университетіміздің 300-ден астам оқытушылары мен білім алушылары қатысты.

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаменті және Математика, физика және информатика институты бірлесіп ұйымдастырған республикалық дөңгелек үстел өте жоғары дәрежеде өтті.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар

және жастар саясаты департаменті