қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
11.11.2020

«Түркі әлеміндегі жазулар: Латын графикасы рухани жаңғыру баспалдағы» конференциясы


2020 жылдың 10 қарашасында https://meet.google.com/qjk-cmhv-iuf платформасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология және көптілді ілім беру институтының С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Түркі әлеміндегі жазулар: Латын графикасы рухани жаңғыру баспалдағы» халықаралық онлайн-конференциясы өтті.

 

Халықаралық онлайн-конференцияда әліпби ауыстыру мәселесі түрлі аспектіде қарастырылды. Латын графикасын қолданудың барлық артықшылықтарын әбден меңгерген Түркияның, тәуелсіздіктен кейін бірден әліпби мәселесін қолға алған Өзбекстан мемлекетінің латын графикасына көшу тарихынан тәжірибе жинақтау мәселелері талданды.

 

Жиында шетелдік қонақтар: Өзбекстан, Самарқанд «Жібек жолы» халықаралық туризм университетінің Бірінші проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор - Жулибой Элтазаров, Түркияның Фырат университетінің профессоры - Ержан Алкайа, Татарстан, Қазан федеральды университеті, филология ғылымдарының докторы, профессор - Альфия Шавкетовна Юсупова, Иордания мемлекеттік университеті Шет тілдер факультеті Азия тілдері кафедрасы Түрік-Ағылшын тілдері бөлімі, ассоц. проф, PhD - Бағдагүл Мұса, Қырғызстан, Қырғыз-түрік «Манас» университеті, Түркология бөлімі, PhD, доцент - Нурдин Усеев тақырып төңірегінде ой қозғап, тұжырымдарын дәлелдеп, студенттер мен оқытушылар қойған сұрақтарға жауап берді.

 

Сондай-ақ аталмыш конференцияға өз оқу орнымыздан: ғылыми жұмыс және цифрландыру жөніндегі проректор Саябек Сәхиев, Филология және көптілді білім беру институтының директоры Алуа Таңжарықова, С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Нағима Ильясова, кафедра профессорлары Гүлбану Қосымова, Қаламқас Қалыбаева, оқытушылар мен студенттер, сондай-ақ, Татарстанның Қазан федеральды университетінің, Түркияның Фырат университетінің студенттері де қатысты.

 

   

 

   

 

 

Академик С.С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы