қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
19.11.2020

Студенттер мен магистранттардың жыл сайынғы дәстүрлі 75-ші ғылыми конференциясы

 

2020 жылдың 16-17 қараша күндері аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институтының биология бөлімінің ұйымдастыруымен Zoom платформасында «Студенттер мен магистранттардың жыл сайынғы дәстүрлі 75-ші конференциясы» өткізілді. Конференцияға «Биология» бөлімінің ПОҚ, 1-4 курс студенттері мен 1-2 курс магистранттары белсене қатысты.

 

«Студенттер мен магистранттардың 75 ғылыми конференциясының» басты мақсаты - биология ғылым саласындағы өзекті мәселелер мен жаңа ғылыми жетістіктердің нәтижелерімен танысу, ғылым мен білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану бойынша кең ауқымды мәселелерді талқылау, студенттер мен магистранттардың ғылыми көзқарасын алға жылжытуда білім мен озық тәжірибемен алмасуды қамтамасыз ету.

 

Бағдарлама бойынша конференция жалпы биология, биологияны оқыту әдістемесі, білім мен ғылымдағы жаңа тенденциялар атты секциялардан құралды.

 

«Жалпы биология» секциясында студенттер физиология, зоология, ботаника салаларындағы өзекті тақырыптар қозғалынды. Баяндамалардың көпшілігі қазіргі таңда елімізде жастар арасындағы шылым шегу, есіртке қолдану, алкогол ішімдіктеріне үйір болу сияқты әрекеттердің зияндылығы мен оның алдын алу іс-шараларына мән берілді. Секцияның төрайымы б.ғ.к. Шыныбекова Ш.С. мен комиссия мүшелері баяндамашылардың еңбектері мен ғылымға деген ынта-ықыласын жоғары бағалай отырып, Уразгалиева Л., Әбдібаева Н., Сапарова А., Тастанова М., Амангалиева А., Татыбаева А. жұмыстарын ерекше атап өтіп, жүлделі орындармен марапаттады.

 

«Биологияны оқыту әдістемесі» секциясында баяндамашылар қазіргі таңдағы заманауи педагогикалық технологияларды сараптау арқылы олардың биологиялық білім берудегі тиімділігін анықтауда негіз бола алатын тақырыптарға назар аударған, сондай-ақ, цифрлық қоғамдағы инновациялық технологиялардың мүмкіншіліктері қозғалған жұмыстар студенттер арасында тәжірибе алмасып, болашақтағы дипломдық жобаларына өз үлесін қосты. Секция төрайымы п.ғ.к., доцент Жұмагулова Қ.А. және комиссия мүшелерінің оң пікірімен, Есенбекова Қ, Өтеген С., Мейрамова М., Яконов Р., Эльхам Ұ., Нысанбайқызы Н. жүлделі орындардың иегерлері атанды.

 

«Білім мен ғылымдағы қазіргі тенденциялар» секциясында магистранттардың таңдаған бағыттары мен іске асырған эксперименттері мен қол жеткізген нәтижелері конференцияның қызу-қанды талқыға салынып, мақсатына жетуінің бірден-бір себебі болды. Баяндамашылардың арасында қазіргі таңда азық-түлік нарығында сатылымда жүрген, газдалған сусындардың адам ағзасына әсерін эксперименталды түрде түсіндіріп, панкреатит сынды аурулардың алдын-алу шараларын ұсынған, сондай-ақ, қазіргі таңда биология сабақтарында білім алушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда электронды ресурстарды әзірленген магистранттардың еңбектері ерекше көзге түсті. Осыған орай, секция төрайымы б.ғ.д., профессор Айдарбаева Д.Қ. мен комиссия мүшелерінің ортақ шешімен, Аубакир А., Сайлаубек Қ., Жанайдар Г., Досполат., Маткерім Ж., Потехина А. жүлдері орындарға ие болды.

 

Қорытындылай келе, студенттер мен магистранттардың жыл сайынғы дәстүрлі 75 конференциясы көздеген мақсатына толықтай жетті. Студенттер мен магистранттар теориялық және практикалық тәжірибе жинақтады. Биология бөлімінің бұл атқарған еңбегі ғылым жолындағы жас мамандардың шеберлігін шыңдап, кәсіби білікті мамандарды даярлауда үлкен септігін тигізетініне кәміл сенеміз!

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

 

«Биология» кафедрасы