қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
20.11.2020

Жұмыс берушілер форумы - 2020

 

2020 жылдың 20 қарашасы күні «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен «Жұмысқа орналасу проблематикасы: нарық және қажеттілік» тақырыбында Жұмыс берушілер - 2020 форумы өтті. Форумға ҚР БжҒМ қарасты Қаржы орталығының уәкілетті өкілі Серікқали Ақзира, Нұр - Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы Қадырова Шолпан, ОҚМПУ-нің «Кәсіптік бағдар және мансап» орталығының басшысы Битұрсын Ғалымжан, Алматы облысы білім басқарасының уәкілеттік өкілі Айман Аміркешқызы, Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Лаззат Жылқыбаева, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ректоры Такир Балықбаев қатысып, бүгінгі таңдағы жұмыспен қамтуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар Алматы қаласы, Астана қаласы, Алматы облысы білім басқармаларына қарасты барлық аудан басшылары, мектеп директорлары форумға қатысып сұрақтар қойылды. Форум барысында студенттер мен жұмыс берушілер арасында еркін ой алмасып, дискуссия құрылды.