қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
23.11.2020

Мерейтойлық ғылыми конференция өткізілді


Университеттегі педагогикалық пәндер бөлімі Жалпы педагогика секциясының жұмысы аясында ұлы ақын және философ Абайдың 175 жылдығына және әлем ғылымы мен мәдениетінің ғұламасы әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған студенттердің мерейтойлық ғылыми конференциясын өткізді. Іс-шара Zoom платформасында өтті.


Студенттер мен магистранттардың 75-ші ғылыми конференциясының университет бағдарламасы бойынша осы секцияның жұмысына бес институттың педагогикалық мамандықтарының 1-4 курстарының жүзден астам студенттері қазіргі педагогика ғылымының өзекті мәселелері мен бағыттары бойынша зерттеу баяндамаларымен, ғылыми-зерттеу жұмыстарын қорғауға қатысты. Абай мен Әл-Фарабидің педагогикалық идеялары, педагог мәртебесі, робототехниканың педагогикалық аспектілері, орта білім берудің жаңартылған мазмұны, ұлттық тәрбие, инновациялық мектептердің онлайн-қызметінің педагогикалық тәжірибесі, жасөспірімдердің кибербуллингі, педагогтың кәсіби құзыреттілігі және экологиялық мәдениет сияқты өзекті тақырыптар көтерілді. Киберпедагогика, квест, коллаборация, қашықтан оқыту, сондай-ақ пандемия жағдайында оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың жаңа нысандары, қазақстандық білім берудегі заманауи цифрлық ресурстар сияқты технологиялар туралы баяндамалар жас зерттеушілердің ерекше қызығушылығын тудырды.


«Жалпы педагогика» секциясының жұмысын алғаш рет онлайн-режимде бөлім бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына жауапты доцент Светлана Жұмашева ұйымдастырып, өткізді. Конференцияға профессор-оқытушылар құрамы, практиканттар, «Педагогика зерттеушілері» студенттік ғылыми үйірмесінің мүшелері қатысты. Барлық қатысушылар конференцияға оң баға беріп, оның жұмысының нәтижелері бойынша ұсыныстарын қабылдады.