Главная
Новости
30.11.2020 Қазіргі заман талабында жас студенттерді рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің өзекті мәселелері талкыланды
Педагогика және психология институты университет педагогикалық циклінің пәндер бөлімінің 2020 -2021 оқу жылына арналған жалпы ұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2020 жылдың 27 қарашасында «Қазіргі заман талабында жас студенттерді рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің өзекті мәселелері» тақырыбында республикалық вебинар өткізілді.
Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың студенттері, магистранттары мен докторанттары, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, Қостанай педагогикалық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Л.Н. Гумелев атындағы Евразия ұлттық университеті және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абылайхан атындағы ҚХҚжӘТУ және басқа университеттер ғалымдары қатысты.
Вебинарды университеттің педагогикалық циклінің пәндер кафедрасының меңгерушісі Қорлан Жампеисова ашты. Ол өзінің кіріспе сөзінде көтерілген тақырыптың маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларға жемісті жұмыс және қызықты ұсыныстар тіледі.
Әрі қарай Қорлан Жанпеисова «Цифрлық қоғамдағы студенттерге рухани-адамгершілік тәрбие беру» тақырыбында баяндама жасады, онда қазіргі жағдайда рухани-адамгершілік тәрбие берудің маңыздылығын атап өтті. Аталған баяндама студенттер мен ғалымдардың ерекше қызығушылығын тудырды. «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2 курс студенті Никита Успенскийдің баяндамасы студенттерді рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің өзекті мәселелеріне, «Дефектология» мамандығының студенті Дина Сүндетованың баяндамасы жеке тұлғаның рухани-адамгершілік даму эволюциясына, «Орыс филологиясы» мамандығының студенттері Бертаева Джамила мен Тиан Натальяның сөздері қазіргі жастардың бағытын бұзуға және студенттерге рухани-патриоттық тәрбие беруге арналды. «Дефектология» мамандығының студенті Касымбекова Аружан еліміздегі жасөспірімдердің суицидінің өзекті тақырыбы бойынша сөз сөйледі.
Вебинардың модераторы, профессор Шолпан Колумбаева өзінің мазмұнды сөзінде тез өзгеретін ортадағы рухани-адамгершілік тәрбиесінің өзекті мәселелеріне тоқталды, мәселелерді шешудің кейбір жолдарын ұсынды және мектептерде босатылған сынып жетекшілігін енгізудің маңыздылығын атап өтті. Барлық қатысушылар білім беру тақырыбының өзектілігін, қатысушылардың сөйлеген сөздерінің мазмұнын және студенттердің жақсы дайындығын атап өтті. Профессор Қорлан Жампеисова Қазақстан Республикасы студенттеріне ұлттық білім берудің заманауи үлгісін ұсынды.
Еркін микрофон аясында доцент Садыкова А.К. (Қостанай), Абылайхан атындағы ҚХҚжӘТУ профессоры Бегалинова Б.А., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ шетел әдебиеті кафедрасының профессоры Булабаев К.Н. сөз сөйледі.
Педагогика кафедрасы |